№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Отанды қорғау - отты жастар мақсаты

Отанды қорғау - отты жастар мақсаты



Еліміздің тыныштығын, мемлекеттің тұрақтылығын, ел іргесінің беріктігін күзету әр азаматтың қасиетті борышы. Өйткені, әскер – біздің мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – қасиетті борыш қана емес, зор мәртебе.
Осы ретте, "AMANAT" партиясының ұйымдастыруымен "Qaisar" партиялық жобасы аясында «Отанды қорғау – отты жастар мақсаты» тақырыбында Жайылма ауылының клуб үйінде бозбалалар мен ата-аналарының арасында кездесу өтті.
Жалпы «Qaisar» партиялық жобасының басты мақсаты – жастардың бойында патриоттық сананы және әскери қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыруды негізге алады.
Кездесуге аудандық "Жастар рухы" ЖҚ мен "Жаңа life" жетекшісі мен аудандық белсенді жастар әрi аудандық қорғаныс iстерiнен мамандар барып, жастарымен ашық жарқын әңгіме айтып, қажетті мағлұматтар берiлiп, өзара пікір алмасты.
Бауыржан Момышұлының «тәртіпке бағынған құл болмайды» деген нақылы бар. Астарында көп нәрсе жатыр. Сондықтан өскелең ұрпақты, жігерлі жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық бағытқа тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндетіне айналды. Өйткені ел келешегі бүгінгі жастардың қолында.
19 ақпан 2025 ж. 36 0