Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Кітап-AMANAT» партиялық жобасы кітап оқырмандарымен ашық пікірталас алаңы

«Кітап-AMANAT» партиялық жобасы кітап оқырмандарымен ашық пікірталас алаңы



Аудандық Руханият орталығында 7 қазанда «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында кітап оқырмандарының қатысуымен ашық пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және жастар арасында оқырман мәдениетін қалыптастыру. Пікірталас барысында қатысушылар әдеби шығармалар, қазіргі қазақ жазушыларының еңбектері жайлы ой бөлісті.

Пікірталасқа түрлі сала өкілдері – мұғалімдер, студенттер, кітапханашылар және “Әйелдер қанаты” мүшелері қатысты. Олар оқыған кітаптарынан алған әсерлерін айтып, әдебиеттегі өзекті тақырыптарды ортаға салды.

Шара соңында қатысушылар келесі кездесуде талқылайтын жаңа туындыны таңдады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық алаңдар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп отырады.

«AMANAT» партиясының «Кітап-AMANAT» жобасы – бұл тек оқу мәдениетін арттыру емес, сонымен қатар қоғамдағы әдеби сауаттылықты дамытуға бағытталған маңызды бастама.

#AMANAT
07 қазан 2025 ж. 211 0