Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты атом электр станциясын салуды қолдайды

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты атом электр станциясын салуды қолдайды

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам белсенді әйел «AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты «Tomiris» әйелдер саяси көшбасшылығы жобасы аясында ұйымдастырылған оқу курстарына қатысты. Бүгін Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов олармен кездесу өткізді. Іс-шара барысында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін референдум мен Президент Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Іс-шараны ашқан Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер қоғам өміріне және елдің жан-жақты дамуына зор үлесі қосатынын әрдайым айтып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту Президент пен «AMANAT» партиясының басты назарында екенін айтты.
16 қыркүйек 2024 ж. 580 0