» » «ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!»

«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!»



Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының бастамасымен 14 ақпан «Халықаралық кітап сыйлау» мерекесіне орай «Шын жүректен кітап сыйла!» атты челленджі ұйымдастырылды.
Челлендж мақсаты: қарапайым және мейірімге толы барлық адамзатты кітап оқуға шақыру, білім алушылардың кітап оқуы мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету, адамдарға жақсы кітаптар тарату, технология заманында да кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету.
Челленджді Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің студенттерінен бастап, кітаптың маңыздылығы мен қаншалықты қажет екендігі туралы пікір алмасылды.
Шара барысында адамдардың бір-біріне кітаптарды сыйлау дәстүрін қайта жаңғыртылып, жаңа оқырмандарды тартуға ықпал еттік.
Айта кетейік бұл мереке кітапсүйер қауым үшін ерекше күн болып саналады. Мерекенің қағидасы бойынша дәл осы күні білім алушыларыңызға, досыңызға, жақын туысыңызға қызығып жүрген кітабын, кез-келген жанрдағы қызықты кітапты сыйлай аласыз.
Кiтап – жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бiр-бiрiмiзге ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛАЙЫҚ!
13 ақпан 2025 ж. 65 0