Отбасылық еңбектің жемісі

Жаңақорғанда елдің игілігіне жұмыс істеп, халықтың ризашылығына бөленіп жүрген кәсіпкерлер аз емес. Солардың бірі – ел арасында беделі қалыптасқан, ісімен де, сөзімен де жұрттың сеніміне ие болған Дастан Нурдинұлы. Ол халықтың сұранысын дөп басып, елге қажетті істі қолға алып, аудан орталығынан «Оптика» көзәйнектер дүкенін ашты.
Бұл дүкеннің ашылуы – тек бір кәсіпкерлік бастама ғана емес, аудан тұрғындарының күнделікті өміріне айрықша маңызы бар игілікті іс болды. Өйткені көру қабілетіне қажетті көзәйнек алу – әр адамның денсаулығы мен жайлылығы үшін аса қажет дүние. Бұған дейін аудан жұртшылығы көзәйнекке зәру болған кезде амалсыздан облыс орталығына немесе өзге қалаларға жол тартатын. Бұл – бір жағынан уақытты көп алса, екінші жағынан қаржылық шығынға әкелетін. Әсіресе жасы үлкен қариялар үшін ұзақ жол жүрудің өзі оңай шаруа емес. Ал енді сол қиындықтың бәрі артта қалды.
Қазір аудан орталығында орналасқан «Оптика» дүкенінің арқасында жұртшылық қажетті көзәйнек пен линзаларды, сәнді жақтауларды немесе күннен қорғайтын әйнектерді ешқайда сабылмай-ақ ала алады.
«Оптикада» көзге жайлы әрі сапалы өнімнің сан түрі бар. Мұндағы көзәйнектердің қатарынан заманауи сән үлгісіне сай жасалған ерекше жақтауларды да, классикалық үлгідегі қарапайым әрі ыңғайлы көзілдіріктерді де табуға болады. Жастар үшін сәнді, стильді көзілдіріктер қарастырылса, ересектерге ыңғайлылық пен сапаға басымдық берілген.
Ал көзге арнайы тағайындалатын линзалар болса, кәсіби мамандардың көмегімен таңдалады. Бұл – әрбір келушінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, көздің саулығын сақтауға жол ашады.
Дастан Нурдинұлы үшін кәсіпкерлік – тек табыс табу құралы емес. Ол ең әуелі халыққа пайдалы іс атқаруды мақсат етеді. Осы дүкен арқылы ол аудан тұрғындарының тұрмысын жеңілдетіп, сапалы қызметпен қамтамасыз етіп отыр. Қарапайым халықтың алғысы – оның ең үлкен марапаты.
Сондай-ақ кәсіпкер әлеуметтік жауапкершілікті де назардан тыс қалдырмайды. Жеңілдіктер қарастырылып, зейнеткерлер мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға қолдау көрсетілуде. Бұл – оның ел алдындағы жанашырлығының белгісі.
Бүгінде «Оптика» дүкені Жаңақорған тұрғындарының сенімді серігіне айналды. Көпшілік мұнда сапалы тауар табатынына, кәсіби кеңес алатынына көз жеткізген. Күні кеше ғана көзәйнек үшін ұзақ жол жүріп қиналған халық енді туған жерінде-ақ бар керегін таба алатынына қуануда. Бұл дүкен – бір ғана кәсіпкердің бастамасы болса да, тұтас ауданның өмір сапасын жақсартқан үлкен игілік.
Дүкен сөрелерінен алыстан көруге де, жақыннан көруге де арналған көзәйнектердің сан түрін кездестіруге болады. Балаларға арналған үлгілер, заманауи линзалар мен сәндік әйнектердің мол таңдауы – тұрғындардың көңілінен шығып жүрген басты артықшылықтардың бірі. Бағалары да жұртшылық үшін қолжетімді. Осы себепті орталыққа келушілердің саны жыл сайын артып отыр.
«Біздің мақсатымыз – жай ғана сауда жасау емес, халыққа шынайы қызмет көрсету. Әрбір тұтынушыға ыңғайлы әрі сапалы көзәйнек таңдауға көмектесу – басты міндетіміз», – дейді кәсіпкер Дастан Нурдинұлы.
Ол тауарды тек сенімді өндірушілерден алып, сапасына ерекше мән береді. «Тұрғындардың алғысы – ең үлкен марапат» деген қағиданы ұстанған ол ел сенімін ақтау үшін тынымсыз еңбек етіп келеді.
Дастан Нурдинұлы кәсіпті тек табыс табу көзі деп қарастырмайды. Ол ең алдымен халықтың мұқтажын жеңілдетуді, тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы қызмет ұсынуды басты мақсат еткен. Сол себепті дүкенде көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және зейнеткерлерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Бұл – кәсіпкердің мейірімділігі мен қолының ашықтығын айқындайтын ізгі қадам.
Осыған орай тұрғындар тарапынан жылы лебіз бен шын жүректен шыққан алғыс еш толастар емес. Қарапайым халық үшін осындай қамқорлықтың өзі үлкен демеу.
Кәсіпкердің адалдығы мен еңбегінің арқасында «Оптика» дүкені Жаңақорған тұрғындары үшін маңызды әрі сенімді орынға айналды. Бұл – бір күннің немесе бір жылдың жемісі емес. Жылдар бойы қалыптасқан сенім – Дастан Нурдинұлының қажырлы еңбегінің айқын көрсеткіші.
Ол тек кәсіпкер ғана емес, халықтың денсаулығына, соның ішінде ең нәзік мүше – көздің саулығына үлес қосып жүрген жан. «Көз – жанның айнасы» десек, сол жанның айнасын күтіп, сауықтыруға жағдай жасап отырған азаматтың еңбегі шын мәнінде бағалауға тұрарлық.
Бүгінгі таңда «Оптика» дүкені Жаңақорған тұрғындарының сенімді серігіне айналды. Мұнда қызмет сапасы жоғары, бағасы да қолжетімді. Сондықтан да халықтың алғысы тоқтаусыз айтылуда.
Алдағы уақытта да дүкеннің жұмысы кеңейіп, жаңа мүмкіндіктер ұсыныры сөзсіз. Бұл – халықтың сұранысына сай даму. Дастан Нурдинұлының ең басты мақсаты – туған жерінің тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, олардың тұрмыс сапасын арттыру.
Халықтың сеніміне ие болу – үлкен жауапкершілік. Сол сенімді ақтап жүрген азаматтың еңбегі – Жаңақорғанның бүгінгі жетістігінің бір көрінісі.
Әсел РЗАЕВА




