№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік дүкен – көптің тілегі

Әлеуметтік дүкен – көптің тілегі


Сиыр жылы игілікті істермен басталуда. Соның бірі – Жаңақорған кентінде әлеуметтік дүкеннің ашылуы дер едік. Әлеуметтік дүкенде күнделікті қажетті ет, көкөніс және бақша дақылдары қаз-қатарынан тізіліп тұр.


Көрпесіне қарай көсілетін халық күнделікті тұтынатын тауарларын арзан бағамен сатып алғанды қалайды. Әсіресе, қазақтың етсіз тағамы құнарсыз болатынын ескерсек, еттің бағасы бүгінде қарапайым халық үшін қолжетімді дей алмаймыз. Неге десеңіз, базарларда ет бағасы шарықтап кеткен. Осы ретте әлеуметтік дүкеннің септігі мол. Мұндай нысандар тұрғындардың тұрмысын түзеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатты көздеген кәсіпкер Нұрлан Серқожаұлы «Әлеуметтік дүкен» ашып, күнделікті азық-түлік тауарларын көпшілікке қолжетімді бағада ұсынып отыр.
– Дүкенді ашудағы басты мақсат азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Жұмысымызды жаңа жылдың алғашқы күнінен бастағанбыз. Дүкенге келушілердің қатары арта бастады. Себебі тауарлардың құны қалтаны қақпайды. Мал бағу мен диқаншылықтың қыр-сырын жақсы білетін болғандықтан, өзіміз байлап баққан мал мен еккен көкөністерді халыққа тиімді бағада ұсынудамыз. Мәселен, дүкенде сиыр еті – 1750 теңге, қой еті – 1750, жылқы еті – 1850, қазы – 2800, тартылған ет – 2300 теңге – дейді дүкен иесі.
Айта кететіні, бұл дүкеннен байқағанымыз, мұндағы сатушылардың қызмет көрсетуі өте сапалы, таза әрі бірдей киімдері келушілер үшін жағымды. Тіпті, дүкеннің тазалығы мен тауардың сапасына қойылатын талаптың қатаң екендігін бірден байқалады.
– Өзім әлеуметтік дүкенге бірінше рет келіп тұрмын. Үлкен қалаларда барын еститінмін, ғаламтор беттерінен қарап жүретінмін. Біздің ауданда да ашылғанына қуаныштымын. Біз етті бір-екі келілеп алмаймыз ғой, оншақты келісін бір-ақ аламыз. Әсіресе, азық-түлік бағасының көтерілмеуі қадағалануы тиіс, – дейді кент тұрғыны Алмат Төреқұлов.
Ең бастысы, мұндағы тауарлардың барлығы өз өңірімізде өндіріледі. Өкінішке қарай, қазір де біздің нарықта күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы күннен-күнге қымбаттап барады. Әлеуметтік дүкен базардағы, өзге дүкендердегі бағадан төмен болуы тиіс. Әрине, бұл жанға жылу беретін жаңалық. Аудан орталығындағы орналасқан бұл дүкен үлгі болғаны да құптарлық. Енді тек осы жүйе бойынша өзге де дүкендер тірліктің тетігін тапса нұр үстіне нұр болар еді.

Әсел РЗАЕВА
12 қаңтар 2021 ж. 615 0