Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 83

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қос шырағыңды қорғай біл!

Қос шырағыңды қорғай біл!

Бүкіл кеңістікті бір нүктеге сыйғызуға бола ма? Ол – сенің жанарың. Жаратушының шексіз қихметінің бірі – осы аманатқа адал қарап, жан-жақты күтімге алуға әрбіріміз міндеттіміз.


Көз жанары бұлдырап, көмескі тартқан әркім салып ұрып дәрігерге барып, дертіне дауа іздейді. Дәрігердің жазып берген анықтамасы бойынша қаласын, қаламасын көзәйнек кию міндет. Ол – көрудің ғана құралы емес, көрік те берік тұрғанын қалайсың.
Жаңақорғанда жаңа оптика кабинетінің ашылуы көптің осы үшін қалаға сабылмай жұмысын жақын жерде жылдам уақытта бітіруіне үлкен жағдай жасап отыр. "НQ-BZANDS" дүкенінің иесі бұған дейін күннен қорғайтын көзілдірік сатуды кәсіп етіп келген болатын. Оған тапсырыс берушілердің сұранысын қанағаттандыру барысында кәсіби аппарат әкеліп, сәнді етіп өзі құрастырып шығаруды меңгерген Нұрболат Батырханұлы соңғы айларда арнайы курстан өтіп, көзі жақсы көрмейтіндерге дәрігер анықтамасымен берілетін сауықтыру көзәйнегін жасап беруге арнайы рұқсат алды. Осы мақсатта цифрлық микроскопия арқылы келушілердің көз сырқатының диагнозын дәл анықтауға мүмкіндік алған ол ең соңғы заманауи диагностикалық "Forliao" аппаратының арқа­сында контакт линза жасау жұмысында да жаңылмайтынына сенімді.
Енді біздің тұрғындарымызға дімкесі бар көз жанарын түзеулеу үшін қала асып шығынданудың қажеті жоқ. Алыстағы мүмкіндікті жақындатқан Нұрболат бауырымыз орталықтағы "Нұр-Асыл" дүкенінің астыңғы қабатында орналасқан шағын "Оптика" залында қызметіңізге дайын. Заманауи білімге бет бұрып, жаңа кәсіпті батыл игере білер жастарымыздың талабына нұр жаусын дегіміз келеді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
30 қыркүйек 2020 ж. 352 0