№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » "EVRIKA" сауда үйі ашылды

"EVRIKA" сауда үйі ашылды

Кеше аудан орталығында елге танымал өзіндік бренд қалыптастырып келе жатқан "EVRIKA" сауда үйі ашылды. Алғаш ауданға келген техника және электронды үйге қажетті тауарлар, ұялы телефондар мен өзге де күнделікті қолданыстағы заттар дүкенінің лентасы қиылды.



Құқық қорғау саласының ардагері Әлібек Сүгірбаев пен арадгер ұстаз Үмбет Абибуллаев ақ батасын беріп, жылы лебізін білдірді.

- Қазір дүкенде 30-дан аса қызметкер бар. Барлығы да осы ауданның тұрғандары, жастарға басымдық бердік. Бұйырса кеңейіп жатсақ қосымша жұмыс күшін тартамыз. Біздегі тауарлар брендті, сапалы, әрі жеңілдікпен. Кез келген тауар түрін таба аласыз, - деді сауда үйінің директоры Әділ.

Айта кететіні, бұл электронды дүкен елдің облыс және ауданын қосқанда 24 жерде филиалы бар. Негізгі түбі Шымкент қаласы. Бүгін естігендей, 50 000 теңгеден аса тауар алсаңыз көлік ойнына билет аласыз, ал, 30 000 теңгенің затын алсаңыз "Айфон-14" ойынына билет беріледі. Құтты болсын!

13 маусым 2023 ж. 120 0