Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада «Oxford Qazaq Dictionary» сөздігінің тұсаукесері өтті

Қызылордада «Oxford Qazaq Dictionary» сөздігінің тұсаукесері өтті



Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Шоқайтану» орталығында қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ тіліне аударылған «Oxford Qazaq Dictionary» сөздігінің тұсаукесер салтанатты рәсімі өтті.
Сонымен қатар, аталған іс-шарада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Аңсат Сәдуақас Әбдіқадырұлы баяндама жасады және де қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Боранбай Болат Елтайұлы, Шетел тілдері және аударма білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Изтлеуова Жанна Бахытжанқызы мемлекеттік тілдің төңірегінде арнайы пікірлерін жеткізді.
Бұл жобаның қазақ тілі үшін, қазақ елі үшін маңызы зор. Осы сөздік негізінде Оксфорд Университетінің баспасымен басталған серіктестік нәтижесінде қазақ тілі әлемнің Топ-1 университеті Оксфорд Университетінде оқытылып, қазақ тіліне деген қызығушылық артады. Қазақ тілін оқыған Оксфорд Университетінің студенттері еліміздің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлерін білуге құштарлық танытары сөзсіз.
06 наурыз 2024 ж. 232 0