Дала күні мерекеленді
Сенбі күні Сунақата ауылдық округіне қарасты «Әмір» шаруа қожалығында егінге алғашқы орақ салу рәсімі өтті. «Қазан аузы жоғары» дегендей, күн-түн аңызақта аңқасы кеуіп қара жерді баласындай баптаған диқан қауымы еңбегінің өтеуіне қауышып, пісіп толған дән сабақтарына қарап көз тояр емес. Биыл аптап ыстық бір жақтан, судың тапшылығының уайымы екінші жақтан еңсе түсіріп, жүйке жүндей түтілсе-дағы қара терін төккенді құр тастамайтын жомарт жердің қасиетіне сыйынып, қажырлы еңбегін жалғастыра берген дала ерлерінің үміті ақталды. Егін бітік шығып, басын жерге иіп тұр.
Сыр топырағының сыралғы несібесіне айналған күріш дақылының алғашқы орақ түсу салтанатты шарасына жиналған диқан қауымы мен дала еңбеккерлеріне аудан әкімі Мажит Самитов өзінің құттықтауын жеткізді:
– Егін орағы мерекесіне ауыл шаруашылығымен айналысатын барша еңбек адамдары үшін маңдай тердің жемісі саналатады. Аудан бойынша 781 қожалық ауыш шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 460-ы егін шаруашылығымен, оның 234-і күріш өсіруге маманданған. Ауданымызда 35 364 гектарға егін егілді. Бүгінгі күнге 350 га күздік бидай, 180 га жаздық бидай, 4325 га жаңа жоңышқа, 15 210 га ескі жоңышқа, 1445 га мақсары дақылдары жиналса, 1030 га дәндік жүгері, 545 га көкөніс, 1970 га бақша дақылдары жиналуда.
Өздеріңіз білетіндей, биылғы егіс маусымы мемлекетіміздің оңтүстік өңірлеріне оңай болған жоқ. Сырдария өзеніндегі су тапшылығы жағдайды күрделендірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет пен аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың көрші мемлекеттермен жүргізген нәтижелі жұмыстарының арқаында аудан бойынша 7211 га күріш алқаптарын сақтап қалдық. Осы мәселеге байланысты Үкімет басшысы су және ирригация және ауыл шаруашышылығы министрімен бірге арнайы келіп, жағдаймен тікелей танысып, нақты шешімдер қабылдады. Осындай қиыншылықтарға қарамастан мемлекет диқандармен бірлесіп, ұйымшылдықпен әрекет етіп, қолдан келгеннің бәрін жасады. Бұл шын мәнінде елдің ауызбіршілігіне де үлккен сын болды.
Суды үнемдеу бағытында өткен жылы 1500 га, биыл 4000 гектар егіс алқабы лазерлік тегістеуден өткізілген еді, соның арқасында суды тиімді пайдалану жүзеге асты. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 43 шақырымды құрайтын ішкі шаруашылық каналдары тазаланды. Егін жинау жұмыстары үшін қажетті арзандатылған дизель отынына да мұқтаждық болмайды, – деді аудан басшысы.
Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау қамқорлықтарына аудан еңбеккерлері нақты нәтижемен жауап беріп отырғанына тоқталып, енді осы мол өсіп-өнген ел ырзығын төкпей-шашпай жинап алудың қам-қарекетіне ынтымақты бірлік пен береке тіледі.
Топыраққа тұқымы түскеннен күннің жарығына тырмысып сабағы сайын даланы көмкерген егістік алқабының тынысына дем беруде тынбай еңбек еткен қаншама жандардың мазасыз өткізген күндері мен түндерінің қайтарымы бұл. Осы атаулы күні еңбек майталмандарын марапаттауды кұп көрген аудан басшысы бірнеше азаматқа Алғыс хатын табыс етті. Олардың қатарында Жаңақорған сушар өндірістік учаскесінің электригі Қалыбаев Серікбай Базарбекұлы, Жаңақорған сушар өндірістік учаскесінің су беруді реттеуші маманы Қалдыбек Сабыржанұлы, «Әмір» шаруақожалығы күрішшісі, Қалмырза Өмірбаев, «Әмір» шаруақожалығы механизаторы Мақсат Алтынбекұлы, «Дос» шаруақожалығының күрішшісі Ғалымжан Балғабаев, «Айдын» шаруақожалығы күрішшісі Әуелбек Кенжебеков, «Өзгент-С» шаруақожалығының күрішшісі Самидин Шаменов, «Нұрбол- И» шаруақожалығының механизаторы Нұрбек Сейтқасымұлы, «Хамит» шаруақожалығының күрішшісі Дүйсенбиев Күнбебап Тұрмаханұлы бар.
Мереке соңы ән шашуға жалғасып Сайран Ділманов пен Кенже Әкімбаева «Қырманға кел, қалқатай» әнін әуелетсе, Мұхит Әбенов «Мен қазақтың баласы», «Жігіттер» триосы «Ақбұлақ» әнімен көп көңіліне шат-шадыман әсер сыйлады.
Аудан басшысы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері және бұған дейін өңірімізде ауыл шаруашылығының кең қанат жаюына қажырлы үлесін қосқан ел ағалары – Молдахмет Ибрагимов. Әбутәліп Сүйіндіков, Керімхан Егізбаев, Наятулла Қарақожаев, Айша Наубаевалардың қатысуында егінге алғашқы түскен орақтың лентасын қиды. Ел ағасы Әсет Жиенхожаев ақ батасын берді.
Осы күні «Әмір» шаруақожалығының төрағасы Ақтан Момынұлымен аз-кем сұхбаттасып үлгердік. Ақтан Қонаев атындағы университеттің түлегі. Бала кезден әкесі Момынның жанында жүріп егіншілік кәсіптің қыр-сырын терең меңгеріп өскендіктен болар, 2015 жылдан бастап елге келіп, әкенің қолын ұзартты. Кең далада егінмен сырласқан шежіре кеуденің кеңесін түгелдей бойына сіңірген адал ұл еңбектің арқасында биік беделге қол жеткізген абыройлы азамат. Қарауында 10 отбасын еңбекпен қамтып, шаруаның көкжиегін кеңейтпекке ынта-жігермен ықылас қойып келеді. Сунақата ауылындағы ескі қырманның орнында тәулігіне 50 тонна күріш ақтайтын шағын зауытын ашып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп отыр. Күріш егістігінен бөлек жоңышқа, мақсары, бақша дақылдарын егумен де айналысады. Биыл ол 40 га жерге күріш дақылын еккен.
Баян ҮСЕЙІНОВА
Сыр топырағының сыралғы несібесіне айналған күріш дақылының алғашқы орақ түсу салтанатты шарасына жиналған диқан қауымы мен дала еңбеккерлеріне аудан әкімі Мажит Самитов өзінің құттықтауын жеткізді: – Егін орағы мерекесіне ауыл шаруашылығымен айналысатын барша еңбек адамдары үшін маңдай тердің жемісі саналатады. Аудан бойынша 781 қожалық ауыш шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 460-ы егін шаруашылығымен, оның 234-і күріш өсіруге маманданған. Ауданымызда 35 364 гектарға егін егілді. Бүгінгі күнге 350 га күздік бидай, 180 га жаздық бидай, 4325 га жаңа жоңышқа, 15 210 га ескі жоңышқа, 1445 га мақсары дақылдары жиналса, 1030 га дәндік жүгері, 545 га көкөніс, 1970 га бақша дақылдары жиналуда.