Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » АУДАНДА КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

АУДАНДА КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Ауданда егін жинау науқаны басталып, күрішке орақ түсті. Аудан басшысы Мажит Самитов Өзгент ауылдық округіндегі «Қыр-Өзгент» шаруа қожалығына барып, жиын - терім жұмыстарының басталу рәсіміне қатысты.
Аудан басшысы диқандарға қамба қызылға толып, ырыс-несібе молынан болуына тілектестік білдірді.
Бүгінде "Қыр-Өзгент" шаруақожалығында 15 адам жұмыс жасайды. Биылғы жылы 90 гектар күріш, 50 гектар бидай, 70 гектар жоңышқа еккен. Ауылшаруашылығы техникалары да жеткілікті. Астық жинайтын 2 комбайн, 2 оратын комбайн, 3 трактор «МТЗ-82», 2 дана соқа және 2 дана шөп жинақтайтын техникасы бар.
Диқандарымыз өлшеп берген суды тиімді пайдаланып, ала жаздай атыз жағалап тынымсыз еңбек етті. Соның арқасында күрішті жауын-шашынға қалдырмай, ысырапсыз жинап алып, әр гектарынан жоғары центнерден өнім алуда.
Қамбамыз дәнге толып, халқымыздың ризық, несібесі молая берсін!
06 қыркүйек 2024 ж. 341 0