№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорған ауданында алғашқы дән себілді

Жаңақорған ауданында алғашқы дән себілді



2Бүгін Қожакент ауылындағы "Нұрбол-И" шаруа қожалығының егістігінде "Дала күні" аталып, жерге дән себілді. Аудан әкімі, облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы, аудандық мәслихат депутаттары, жауапты сала мамандары, аудан ардагерлері мен диқан қауым түгел бас қосып, керемет сәттің куәсі болды.

Биыл жаңақорғандық дала еңбеккерлері егіс көлемін еселеп, мол өнім алуға ниетті. Биыл диқан қауым 37 781 гектарға егiс егу межелесе, соның 8 мың гектары күрішке бағытталмақ. Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын 781 шаруашылық құрылымдарының 485-і егін шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 175 шаруашылық күріш өсіргелі отыр.

Алдымен аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Талгат Зейдалиев биылғы жоспарды баяндап, межені айқындады. Шаруашылық төрағасы Изатулла Усенов қожалықтағы егін-жайдың жайын жүйеледі. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов пен облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысы Талғат Тұрсынұлы Дүйсебаев егіншілерге сәттілік тілеп, дала жұмысын табысты түйіндеуге тілеулестік білдірді.
08 мамыр 2023 ж. 131 0