Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Еңбек адамы – елдің тірегі

Еңбек адамы – елдің тірегі


Менің әкем соғыс жылдары колхозда түйе баққан екен. Колхоз төрағасы Ақылбек атамыз әкемді атадан қалған жалғыз тұяқ, соғыста жүріп мерт болса бүтін бір ошақтың оты сөнеді ғой деген қауіппен военкоммен сөйлесіп броньмен алып қалған екен. Мен 1942 жылы туылыппын. Ауыл мектебінде білім алып, одан әрі МТС-те техника айдауды меңгердім. 1962 жылы кеңес армиясы қатарына аттанып әскерде үш жыл болдым. Ауылға келген соң кеңшарда трактор айдадым. Кейін шопандыққа бет бұрып еңбекте озат болдым. Социалистік міндеттемемді артығымен орындағаным үшін «Урал» мотоциклін алдым. Одан әрі кеңшарда түрлі жұмыстар атқардым, – дейді Бөрібек ақсақал.

– Сіздің жолыңызды жалғастырған балаларыңыз бар ма? – деген сауалымызға «Сол кездері кеңшардың малына қора жай салу, қыстық мал-азығын дайындау, қой қырқым, шөп шабу, басқа да шаруашылықтың таусылып бітпейтін жұмысында ізімізден ерген жастарға істің мән-жайын меңгертіп, жандарында үнемі бас-көз болып өзім жүрдім. Онымен қоймай, ынтасы бар талапкерлерге трактор мен машина айдауды үйреттім. Сол еңбегімді ұмытпай, қай-қайсысы болсын әліге дейін сәлем беріп арнайы соғып тұрады. Сол құрметтеріне ризамын» дейді Бердісүгіров Бөрібек ақсақал бізбен әңгімесінде. Қыздарының бесеуі де мұғалімдікті таңдапты.
Бүгінде жасы сексеннің үшеуіне келіп қалған қария Тынымбаймен бір сыныпта оқығанын айтты. Қыраш аукылында төртжылдықты түгескен соң жоғары сыныпты Бірлік ауылына барып оқуға тура келді. Сонда Қауықтан келген Тынымбаймен бірге мектеп жанындағы интернатта бірге оқыған екен.
Қайнарбұлақтың маңайында бас жақта жатқан қорымның басына қойылған тастағы жазуды ешкім оқи алмай жүрген. Өткенде сол жазуды Семей жақтағы бес тіл білетін бір ғалымға жіберген екен, шағатай тілінде жазылған жазуда тастың 1317 жылы қойылғаны, оның үлкен ишан кісіге қойылған белгі екенін айтыпты.
Қасиетті Қайнарбұлағымызға, оның егесі болған бабамыздың жолына адал болу – парызымыз дейді Бөрібек қария.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
19 қазан 2025 ж. 1 535 0