№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ер еңбекте сыналады

Ер еңбекте сыналады


Бесарық ауылында бірнеше жылдан бері көлік жөндеумен айналысып келе жатқан Сәбит Мәжитұлының кәсібін арнайы барып көрдік. Аулада төрт-бес көлік қаз-қатар қоныпты. Бәрінің ақауын тауып, жөндеп, жүргізіп беру осы кісінің міндеті. Бесарықтың тұрғындары ғана емес, айналадағы ауыл халқына жақсы танымал болып қалған ұстаны сөзге тарттық.

 Өз ісіне бесаспап маман болғанына қарағанда темір ұсталық атакәсіп болу керек деген ойымызды да бүгіп қалмадық. Жоқ, – деп жауап берді кейіпкеріміз. Әкем менің теміржолшы болған кісі.
 Ол кісі соғыс ардагері. Соғыстан кейін Боздаладан бастап 26, 28-бекетте станция басшысы болған кісі. Зейнетке сол жерден шықты. Ал мен жасымнан темір-терсекке үйір болдым. Сегізіншіден соң аудан орталығындағы СПТУ-да білім алдым. Әскер қатарында болдым. Ауылға келген соң бірден көлік жөндеу кәсібіне кірістім.
 Техникаға құмарлығым шығар, бесінші сыныптан бастап мотоцикл айдадым. Енді қарасаңыз, өзімнің жалғыз түйір ұлым да осы техникаға қатты әуес.
– Техниканы жөндегенде көлік таңдайсың ба? Шетелдік көліктерден отандық көліктердің артықшылығы бар ма?
– Көбіне иномарка машиналарын жөндеуге тура келеді. Өйткені тез бұзылады. Біздің табиғатымызға, жердің кедірбұдырына Ресей көліктерінің шыдамды келетінін байқаймын. Содан соң бұл көліктерде шайба көп, материалы да берік. Шетел көліктерін тарту күші әлсіздеу, тез сынып кетіп жатады.
– Алдағы мақсатың қандай?
– Міне, көріп тұрғаныңыздай, үлкен гараж құрылысын бастадым. Осыны бітіріп, жанына желімдеу орталығын қоссам деймін.
– Бұған Үкіметтен қандай да бір көмек алдың ба?
– Жоқ.
– Неге?
– Қағазы, дайындап бітпейтін құжаттары көп. Соған мойным жар бермейді. Жайлап жұмыс жасап, қаржы жинақтап, көлік бөлшектерін сататын дүкен де ашсам деймін. Сонда барлығы бір орталықтан атқарылар еді.
– Бұған жұмсайтын жұмысшы керек қой?
– Ия, кәсібімді кеңейтсем, қарамағыма жұмысшы аламын. Бұл Бесарық ауылында бірнеше жылдан бері жеке кәсіп ашып, көлік жөндеп келе жатқан азаматтың сөзі.

Баян ҮСЕЙІНОВА
03 тамыз 2022 ж. 375 0