№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстан Республикасындағы санаторий-курорттық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы

Қазақстан Республикасындағы санаторий-курорттық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы

Аннотация
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының санаторий-курорттық ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қарастырылады. Зерттеуде «Жан-Арай» шипажайы мысалында қызмет сапасы, маркетингтік әдістер мен басқару құралдары талданды. Автор отандық және шетелдік тәжірибені салыстыра отырып, отандық шипажайлардың нарықтағы орнын нығайтуға бағытталған нақты стратегиялық ұсыныстар ұсынады.
Кілт сөздер:
санаторий, бәсекеге қабілеттілік, стратегия, маркетинг, қызмет сапасы, benchmarking, шипажай
Кіріспе
Санаторий-курорттық ұйымдар — қоғам денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруде маңызды рөл атқаратын медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірі. Қазақстанда соңғы жылдары бұл салада даму қарқыны байқалғанымен, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік деңгейі әлі де төмен. Осыған орай, шипажай қызметтерінің сапасын арттыру, цифрландыру, маркетингті жетілдіру, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкестендіру — маңызды стратегиялық міндеттерге айналуда.
Қазақстанның табиғи ресурстары – минералды сулар, емдік балшықтар, таза ауа және бірегей климаттық аймақтар – осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға толықтай мүмкіндік береді. Елде 19 климаттық-курорттық аймақ анықталған, олардың әрқайсысы өзіндік емдік әлеуетімен ерекшеленеді. Мысалы, Сарыағаш минералды суымен, Жаңақорған емдік балшығымен, Қапаларасан радон бұлақтарымен, Бурабай орманды және көлді аймағымен танымал. Алайда бұл әлеует толық көлемде игерілмей отыр: кейбір аймақтарда инфрақұрылым тозған, кадр жетіспеушілігі байқалады, ал маркетингтік жұмыстар жеткіліксіз деңгейде жүргізіледі. Сонымен қатар, санаторийлердің көпшілігі маусымдық сипатта жұмыс істеп, жылдың суық мезгілдерінде клиенттердің тапшылығына ұшырайды.  Осыған байланысты даму тренді ретінде жыл бойы жұмыс істей алатын әмбебап сауықтыру орталықтарын қалыптастыру, медициналық қызмет түрлерін кеңейту, кадрлық әлеуетті арттыру және цифрлық технологияларды енгізу мәселесі өзекті болып отыр.
Ресми статистикаға сәйкес, 2023 жылдың соңында Қазақстанда 175 санаторий-курорттық мекеме жұмыс істеген, ал 2025 жылдың басында олардың саны 333-ке жетіп, екі есе өскен. Бұл көрсеткіш санаторий бизнесінің елде белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Жалпы емдеу-сауықтыру мекемелерінің төсек-орын қоры 25 815 бірлікті құраса, бір жыл ішінде бұл мекемелерде 413 мыңнан астам адам емделіп, демалған. Географиялық тұрғыдан қарағанда, бұл сала әсіресе Түркістан облысында (117 нысан), Алматы қаласында (34) және Алматы облысында (22) шоғырланған. Бұл өңірлер табиғи-рекреациялық ресурстарға бай және тарихи түрде сауықтыру туризмінің орталығы ретінде қалыптасқан.
Санаторийлердің шамамен 86,5%-ы жеке меншік нысанда, яғни кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркелген, бұл жеке сектордың рөлін көрсетеді. Сонымен қатар, wellness және медициналық туризм саласының жаһандық нарығы 2022 жылы 651 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылы 868 млрд долларға дейін ұлғайған, ал 2024 жылы 1 трлн долларға жуықтайды деп болжанған. Қазақстан бұл ғаламдық трендтің бір бөлігі ретінде ішкі және сыртқы туризмді дамытуды мақсат етіп отыр.
ҚР Үкіметі 2019–2025 жылдарға арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында туризмнің ІЖӨ-дегі үлесін 8%-ға жеткізуді және туристер ағынын едәуір арттыруды көздейді. Санаторий қызметіне деген сұраныстың артуына әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі де ықпал етуде: кейбір азаматтарға санаторийлік емделу мемлекеттік бюджет есебінен жолдама арқылы қолжетімді болуда.
Сонымен бірге халықтың денсаулыққа деген көзқарасы да өзгере бастады – COVID-19 пандемиясынан кейін адамдар иммунитетті күшейту, созылмалы аурулардың алдын алу және жалпы ағзаны қалпына келтіруге бағытталған қызметтерге көбірек мән беруде. Бұл ретте сауықтыру туризмі мен баламалы медицина (фитотерапия, пелоидотерапия, климаттық ем т.б.) кеңінен сұранысқа ие болуда.
Зерттеу әдістері
Зерттеу жұмысының эмпирикалық базасын «Жан-Арай» санаторийінің 2024 жылғы ішкі есептік құжаттары, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен бағдарламалық құжаттары, тақырыпқа қатысты отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттер, сондай-ақ нарықтық және тұтынушылық сұранысқа қатысты маркетингтік деректер құрады. Зерттеуде аралас әдістер қолданылды: сапалық талдау (әдебиеттерді шолу, салыстырмалы талдау), сандық талдау (қаржылық модельдеу, статистикалық деректерді өңдеу) және социологиялық әдіс (сауалнама жүргізу).
Нақты әдістер қатарында: SWOT-талдау – ұйымның күшті, әлсіз жақтарын және мүмкіндіктері мен қауіптерін бағалау; PEST-талдау – ұйымға ықпал ететін саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық сыртқы факторларды талдау; салыстырмалы талдау – отандық және шетелдік ұқсас ұйымдар тәжірибесін салыстыру; маркетингтік зерттеу – санаторий клиенттерінен сауалнама алу және сұранысты сараптау; қаржылық модельдеу – ұсынылған стратегия бойынша инвестициялардың тиімділігін есептеу; жүйелік талдау – аталған элементтердің барлығын кешенді қарастыру әдістері пайдаланылды.
2024 жылы зерттеу аясында 426 респондентке сауалнама жүргізілді, оның ішінде санаторийдің бұрынғы және әлеуетті клиенттері қамтылды. Сауалнама сұрақтары санаторий қызметтеріне деген сұраныс сипатын, клиенттердің қалауын және қанағаттанушылық деңгейін анықтауға бағытталды.

Қолданылған материалдар:
  • «Жан-Арай» санаторийінің ішкі есептік құжаттары
  • ҚР нормативтік-құқықтық актілері мен бағдарламалық құжаттары
  • Ғылыми әдебиеттер, шетелдік және отандық зерттеулер
  • Нарықтық және тұтынушылық сұранысқа байланысты маркетингтік деректер
 Қолданылған әдістер:
  • Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) – отандық және шетелдік тәжірибемен салыстыру
  • SWOT-талдау – ұйымның күшті, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін бағалау
  • PEST-талдау – саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторларды талдау
  • Маркетингтік зерттеу – сауалнама, тұтынушылардың сұранысын сараптау
  • Қаржылық модельдеу – инвестициялық жобаның тиімділігін есептеу
  • Жүйелік талдау – ұйым қызметін кешенді бағалау

Нәтижелер мен талқылау

Қазақстанның санаторий-курорттық нарығындағы негізгі бәсекелестерге салыстырмалы талдау:
Санаторий-курорттық ұйымның шетелдік (Түркия) негізгі бәсекелестерге салыстырмалы талдау:

Болжамды қаржылық модель 3 жылдық даму сценарийі бойынша болжамдар:


SWOT-талдау


PEST-талдау қорытындылары:
Саяси факторлар:
Туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Шетелдік инвестицияларды тарту саясаты
Медициналық туризмді қолдау шаралары
Экономикалық факторлар:
ҚР-дағы орташа табыс деңгейінің өсуі (2023-2024 жж.)
Инфляция әсері (қызметтер құнының өсуі)
Валюта бағамының тұрақсыздығы
Әлеуметтік факторлар:
Денсаулыққа деген көзқарастың өзгеруі
Демографиялық үрдістер (қартаю процестері)
Урбанизация процестері
Технологиялық факторлар:
Медициналық технологиялардың дамуы
Цифрлық трансформация қажеттілігі
Онлайн резервация жүйелерінің маңыздылығы

Тұтынушылардың сұранысын зерттеу: 426 респондентке жүргізілген сауалнама нәтижелері:
Демографиялық құрылым:
Жас топтары: 35-50 жас (45%),
50-65 жас (35%),
25-35 жас (20%)
Табыс деңгейі:
орташа (60%),
орташадан жоғары (40%)
Географиялық орналасу:
Алматы (30%),
Нұр-Сұлтан (25%),
Шымкент (20%),
басқа қалалар (25%)
Сұраныс ерекшеліктері:
Емдеу мақсаты: 65% респонденттер
Демалу мақсаты: 35% респонденттер
Орташа қалу мерзімі10-14 күн (70% жағдайларда)
Маусымдық үлестіріліс:
жаз (40%),
күз (25%),
көктем (20%),
қыс (15%)
Қызметтерге деген талаптар:
Емдік процедуралардың сапасы (92% маңыздылық деңгейі)
Тұру жағдайларының жайлылығы (88%)
Тамақтану сапасы (85%)
Қызметкерлердің кәсібилігі (82%)
Қосымша ойын-сауық қызметтері (65%)

Қорытынды
Зерттеу барысында санаторий-курорттық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігіне қатысты теориялық тәсілдер қарастырылып, бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторлары – табиғи ресурстар, қызмет сапасы, инфрақұрылым және маркетинг екені анықталды. Халықаралық тәжірибе стратегиялық басқару мен цифрлық технологиялардың тиімділігін көрсетті.
«Жан-Арай» санаторийіне жүргізілген талдау оның бірегей емдік ресурстары мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін көрсетті, алайда маркетинг пен маусымдық тұрақтылықта әлсіз тұстары бар. SWOT және бәсекелестік талдау нәтижесінде даму бағыттары айқындалды.
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кешенді ұсыныстар әзірленді: медициналық қызметтерді жетілдіру, инфрақұрылымды жаңарту, цифрлық шешімдерді енгізу және тиімді маркетингтік стратегиялар құру. Бұл өзгерістердің нәтижесінде кіріс пен толымдылық айтарлықтай артады деп күтілуде.
Жалпы, зерттеу міндеттері толық орындалды, ал әзірленген стратегия «Жан-Арай» санаторийінің нарықтағы орнын нығайтуға және тұрақты дамуға жол ашады.
Ұсыныстар: 
Медициналық қызметтерді дамыту.Инфрақұрылымды жаңарту.Цифрлық технологияларды енгізу.Маркетинг стратегиясын жетілдіру.Пайдаланылған әдебиеттер:
Kizimbayeva A., Urazbekov A., Bulakbay Zh. (2024). The impact of the market of spa services on the development of the economy of Kazakhstan. Economic Series of the Bulletin of the L.N. Gumilyov ENU, No.2(2024), pp.9-26 .Musaev M., Abaydullaeva M., Khamitova D.M., Orynbet P.Zh. (2025). The competitiveness of health tourism in the Republic of Kazakhstan: factors and development prospects. Статистика, есеп және аудит = Statistics, Accounting and Audit, 1(96), pp.176-192 .Баталова В. Туризм и оздоровление в Казахстане: статистика санаториев на 2025 год // Казахстанская правда, 21.02.2025 .Бенберин В. Проблемы в сфере санаторного лечения Казахстана // Шипажай-2018 халықаралық форумы материалдарынан, Астана, 24.04.2018 .Министрліктің баспасөз баяндамасы. В Казахстане определены стратегические цели развития курортологии – XXI форум «Здравница-2022» // ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, 2022 .Stat.gov.kz (2024). Sanatorium and resort activities, 2023: National Bureau of Statistics report, 29.03.2024 .Global Wellness Institute (2023). 2023 Global Wellness Economy Monitor. [Online] Available: globalwellnessinstitute.org .We Are Social & Hootsuite (2023). Digital Report – Social Media and Travel. (Әлеуметтік желілердегі туристік мінез-құлық статистикасы) .«ДАМУ» қорының ресми сайты (2024). Здоровье – это главное жизненное благо (Жан-Арай санаторийі туралы ақпараттық мақала) .Shipadeluxe.kz – Санаторий «Жанакорган – Жан-Арай» (туристік агенттік сипаттамасы)TurStat Analytics (2023). Ranking of popular wellness destinations in Central Asia. [Online] Available: www.turstat.comWorld Tourism Organization (UNWTO) (2023). Health and Wellness Tourism Report. Madrid: UNWTO Publications.Esenova L.A. (2022). Қазақстандағы шипажай ісінің заманауи проблемалары. Туризм және сервис, №3, 33–39-бб.Курортология негіздері. Оқу құралы / Ред. Т.Ж. Ахметов – Алматы: Медицина, 2021.Тойшибаева Г. (2023). Санаторий инфрақұрылымын жаңғыртудың тиімді жолдары. Экономика және статистика журналы, №6, 49–55-бб.GWI (Global Wellness Institute) (2022). Wellness Policy Toolkit for Tourism. [Online] https://globalwellnessinstitute.orgҚР ҰЭМ Статистика комитеті (2023). Туризм саласы бойынша негізгі көрсеткіштер. Stat.gov.kzАхметова С., Асанов Б. (2022). Шипажай туризмі мен экологиялық туризмнің өзара байланысы. Экология және даму, №4(10), 21–27-бб.European Spas Association (2023). Quality standards in health resorts. Brussels.Ахмедов Е. (2023). Қазақстандағы медициналық туризм: әлеуеті мен проблемалары. Қоғам және денсаулық, №2, 14–19-бб.
Автор: Өмірбекова Жанар Тұрғанәліқызы, магистратура 1 курс
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» АҚ
23 маусым 2025 ж. 54 0