№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » БАЛАЛАР ЖАЗЫ КӨҢІЛДІ

БАЛАЛАР ЖАЗЫ КӨҢІЛДІ

Құттықожаның баурайында қоныс тепкен «Тау самалы» лагері алғашқы тынығушыларын жаймашуақ қарсы алды. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бері балақандарды бесігіне тербеген берекелі өлкенің ортақ мекенімізге айналғанына биыл жетпіс жыл. Ортасынан сылдырап бұлақ ағып, жасыл саяға көмкерілген демалыс жайы өзіміз бала кезде бұтақтарын айналып ойнаған көрінісінен көп өзгерген. Ағаштан тұрғызылған шатырлар алынып, кейін орнына баспана ретінде жабық кешен бой түзеген. Өзгермеген бір-ақ нәрсе, түбінде тасы көрініп жатқан тау бұлағынан нәр алған нулы шөптесіннен аңқып тұрған жұпар иіс кеуде сарайыңды ашып, сергектік сыйлайды. Жылмажыл тынығу орнына аз-маз бөлінер мемлекет қаржысын тиімді жұмсауға тырысып бағатын лагерь басшылығы дүниенің байлығына сатып ала алмас табиғаттың осы тартуына титімдей қиянат келтірмеу жолында қажырлы тер төгіп келеді. Лагерь айналасы тола сәмбі талдардың жыл он екі ай күітім-бағымын келістіріп, киелі мекенді барынша мәпелеп отыр.
Тынығу лагерінде жас ұландар таңғы асынан соң бір қатарға сапқа түзілді. Тынығу жайының үш топқа жіктелген команда жетекшілері лагерьдің аға тәрбиешісі – Дархан Ыдырысовқа рапорт берді. Ал ол атқарылған жұмыстары жөнінде лагерь директоры Бағлан Момынхановқа есеп берді. Атап айтқанда, күні кеше «Мисс және мистер» байқауы өтіпті. Сонда үздік танылғандар марапатталды. Ендігі шара «Гиннес рекорды» тақырыбына арналмақ. Бүгінгі күн кестесі таныстырылды. Ұландар күні кеше лагерь жанындағы киелі бұлаққа сұға түсуге барған екен, бүгін түс қайта балалар бассейнде шомылмақ. Балалардың лагерьге келгеніне бесінші күн. Осы жерде лагерь директоры Бағлан Момынхановтың айтуынша: «Жас өскіндер алғашқы үш күнде тосырқап, көңілі түсіп жүретіні қалыпты жай, одан әрі жақын достар тауып, кейін қимай қоштасып жатады. Атаана осыны бағамдап, сабырлық танытса құба-құп болар еді, – дейді.
Лагерь басшысы биылғы жазда лагерьде біршама жаңарулар болғанын жеткізді. Атап айтсақ, балалардың жатын төсекорны ауыстырылып, асхана залындағы стол-орындықтар түгелімен жаңартылыпты. Лагерь ішіне демалып отыратын скамейкалар қойылыпты. Жазғы сахнаның орындықтары жаңаланыпты. Балалардың аптасына бір рет ыстық моншаға түсуге жағдай жеткілікті. Бассейн күнделікті балалар игілігінде. Лагерь маңындағы қасиетті бұлаққа суға түсіп келуге кедергі жоқ. Кешке қарай ұйымдастырылған лагерьдің салтанатты ашылу жиынына арнайы қатысқа аудандық білім бөлімінің бас мамандары Талғат Аблақұлы мен Мира Жандарбековалар сөз алып, жас ұландарды құттықтады. - Биылғы жылы жазғы тынығу жайына келген тынығушыларымыздың құрамы тек міндетті оқу қорының есебіндегі балалар тобынан жасақталып отыр. Бірінші лекте он күнге 80 бала тынығуға келді. Осылайша отызыншы тамызға дейін 640 баланы дем алдырамыз. Біздің мақсатымыз – жас ұландарлың әр күнін мазмұнды, мағыналы өткізу, – деді лагерь директоры Б.Момынзанов. Лагерь басшылығының ойын алаңдары, денені шынықтыруға арналған инвентарьлар, заманауи құрылғыларды көбейтуге талпынысы аңғарылады. Мәдени шараларды Бағлан Орынбасаров ұйымдастырса, спорттық шараларды Қайбрахман Еркінов мойынға алыпты. Лагерьдің музыка жетекшісі Қансейіт Нұрасылдың телегей-теңіз еңбегін мерекелік думанда өнерлерін көрсетіп баққан өрендердің белсенділігі айғақтап берді. Топ тәрбиешілері Мейрамкүл Жолдасбекова, Қансейіт Нұрасыл, Өскенбай Анель, Махмут Жазираның ықыласты ізденістері мен бала болмысын терең түсінуге ұмтылған еңбекқор

Баян Үсейінова

10 маусым 2025 ж. 909 0