№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЛАГЕРЬЛЕР ДЕМАЛЫСҚА ДАЙЫН БА?

ЛАГЕРЬЛЕР ДЕМАЛЫСҚА ДАЙЫН БА?

  2018-2019 оқу жылының жазғы каникул кезеңдері басталды. Енді алдағы оқу маусымында оқушылар сапалы білім алуы үшін жақсы тынығуы тиіс. Яғни жасөспірімдердің бос уақыты тиімді өткені абзал. Осы бағытта атқарылатын жұмыстарды тиісті мекеме қызметкерлерінен білдік.

– Балалардың жазғы демалысы жақсы өтуі үшін лагерде тазалық және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ондағы жататын орын, оқу корпустары мен асханасына мән берілді. Ағаш бұталарының артық жерлері кесіліп, әктелді. Ойын алаңдары мен сахналық кешен дұрысталды. Қазір балаларды қабылдауға дайынбыз, – дейді «Тау самалы» тынығу лагерінің директоры Болат Шерімбетов.
Сонымен қатар, залалсыздандыру жұмысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық филиалымен және кір жуу, қоқыс тазалау жұмысы бойынша тиісті мекемелермен келісім шарт жасалды. Балалардың жазғы демалысы кезінде сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Аудандық орталық ауруханасынан бала­ларға тіс дәрігері және дәрігер-педиатр бекітілді.
Айта кететіні, «Тау самалы» лагерінде өзекті мәселенің бірі – монша болатын. Мәселеге аудан басшылығы мән беріп, шешіп берді. Тағы бір жаңалық стритбол ойын алаңы да биыл пайдалануға берілмек.
Биыл 65-ші рет есігін ашатын «Тау самалы» лагері 3 маусымнан бастап әр он күн сайын 75 баладан қабылдайды. Лагерь жеті лекпен қабылдайтытын ескерсек 525 баланың тынығуына мүмкіндігі бар. Оларға 7 тәрбиеші қызмет көрсетеді.
Осы орайда, алғаш рет жазғы тынығу лагерінің табалдырығын аттағалы тұрған №163 мектептің 7-сынып оқушысы Әзиза Батырбек: «Алғашқы рет барғалы тұрған жазғы тынығу лагерінде демалысымды тиімді пайдалануға тырысамын. Көптеген достар тауып, спорттық, интеллектуалды, мәдени, танымдық бағытта танысқан достарыммен уақытты қызықты өткіземін деп ойлаймын», – деді.
Жалпы, 2019 жылы аудан бойынша 16155 оқушы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуы тиіс. Оның – 15 370-і лагерге барады.
– Аудан мектептерінде 1-20 маусым аралығында күндізгі тынығу лагері ұйымдастырылады. Оның ішінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 1-4 сынып оқушылары (аз қамтылған отбасынан шыққан балалар) – 1300, тамақсыз күндізгі сауықтыру лагеріне (1-7сынып) қамтылатыны – 7300. Айта кететіні, барлық білім мекемелерінде мектеп жанындағы тазалық жөндеу және көркейту-көгалдандыру бригадалары жұмыс жасайды. Оған 8-10 сынып оқушыларынан 2000 талапты жас қамтылады, – деді аудандық білімі бөлімінің тәрбие істері жөніндегі бас инспекторы Мира Жандарбекова.
Мектеп жанынан ұйымдастырылған тынығу лагерінің дайындығын білу үшін аудан орталығында орналасқан №110 мектеп-лицейі директорының орынбасары Ақмарал Ерімбекованы сөзге тарттық.
Оның айтуынша, 1-4 сыныптан 50 бала екі лек бойынша ыстық тамақпен қамтылады. Сонымен қатар 8-10 сыныптан 200-дей бала еңбекпен тынығу, яғни, көгалдандыру жұмысына тартылады. Оқушылардың әр күні қызықты өтуі үшін денешынықтыру, музыка және сурет пәнінің мұғалімдері қызмет көрсетеді.
Айта кететіні, ауданда білім беру ұйымдары бойынша 2-8 сыныпта оқитын балалар саны – 10125. Олардың 2025-і, (20 проценті) міндетті оқу қоры есебінен және ірі кәсіпкерлер мен жергілікті әкімшіліктердің қолдауымен өзге өңірлердені лагерге жіберіледі екен.

Лаура БИБАСАРОВА.
01 маусым 2019 ж. 1 152 0