№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ардагерлерге құрмет көрсетті

Ардагерлерге құрмет көрсетті


Әрбір мереке мен атаулы күндерде үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіруді дәстүрге айналдырған аудандағы бірден-бір өндіріс орны – «СКЗ-U» ЖШС күкірт-қышқыл зауыты майдангерлер күнін де ескерусіз қалдырмады. «Казатомпром» ҰАК АҚ-на еншілес аудандағы «СКЗ-U» ЖШС Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге, оның ішінде, Семей полигонына қатысушылар мен Ауған соғысының ардагерлеріне, Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарға қатысқандарға және тыл еңбеккерлеріне сый-құрмет көрсетті


Мекеменің бас директоры Сағыныш Алмасбайұлы мен ұжымның атынан әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім бас­шысы Гулнара Рүстемова Жаңақорған ауданы бойынша түрлі санаттағы ардагерлер отбасына арнайы барып, құттықтады.
– Ардагерлерімізге алғыс ретінде тәттілерге толы сыйлық себеттері мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Біз ардагерлердің ерлігі мен батырлығын жоғары бағалаймыз. Олардың ортақ отанымыздың гүлденуі мен игілігі жолында төккен маңдай тер, сіңірген еңбегі – өшпес өнеге, ұрпаққа үлгі. Сондықтан жыл сайын сүйегі асыл еңбек ерлеріне, аманатына адал сарбаздарға ілтипат білдіру – азаматтық борышымыз деп санаймыз. Ең бастысы, ардагерлеріміздің дені сау, отбасылары аман болсын,– деп ізгі тілегін де білдірді.
Айта кететіні, бұл өндіріс ошағы тек мереке күндері ғана емес, әлеуметтік мәселелердің де оң шешімін табуына әркез мүдделі. Іргелес жатқан Кейден ауылдық округіндегі әлеуметтік ахуалдың, инфрақұрылымдық мәселелердің тұрақталуында зауыт басшылығының қызметі ұшан-теңіз. Алдыңғы аға буын – ардагерлерге тілеулес болған ұжымға зейнеткерлердің де айтары тек – алғыс.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
06 мамыр 2025 ж. 175 0