Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңақорған аудандық партия филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партия ардагерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикасының нығайып, көркеюіне сүбелі үлес қосқан бір топ ардагерлермен кездесу ерекше көңіл күймен өрбіді. Жиын соңында арнайы «Алғыс хат» табысталды. Ата салтымыздың ізімен ұрпағына өсиет айтар қарияларға ерекше құрмет көрсетілып, жаңадан мүшелікке кірген партия мүшелеріне партбилеттер табысталды.
Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсету – ата-бабамыздан қалған мұра. Алдағы уақытта да осындай жылу мен шуаққа толы көңіл-күй сыйлайтын кездесулер жалғасын таппақ. «Қарты бар ел-қазыналы ел» дейді халқымыз. Сол қазынамызды қастерлей білу, біздің парызымыз.
Кездесу соңында аудандық ардагерлер игілікті іс-шара жасаған «АMANAT» партиясының аудандық филиалы мен оның төрағасына ризашылықтарын білдірді.