№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «СКЗ-U» ЖШС: қарияларға құрмет көрсетті

«СКЗ-U» ЖШС: қарияларға құрмет көрсетті


Қазынаға теңер қарттарымызды қадірлеп, құрмет көрсетуді парыз еткен аудандағы күкірт-қышқыл зауытының ұжымы биыл да игі дәстүрден жаңылған жоқ. «Казатомпром»ҰАК АҚ-ның еншілес компаниясы «СКЗ-U» ЖШС қызметкерлері алдымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында ардагерлер үйінің ауласын күл-қоқыстан тазартып, әрлеу-сырлау жұмыстарын жүргізді. Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Даирбек Қаленұлы бастаған өндіріс орнының ұжымы бір күндік жұмыс сапарын қарияларға құрмет көрсетуден бастады. Ардагерлермен жүздесіп, жылы лебіздерін білдіріп, сый-құрметін көрсетті.


Өндіріс орнына іргелес жатқан бүтін бір ауылдың қам-қарекетіне қарайлап, халықтың әлеуетін көтерумен қоса жұмыссыздық мәселесін шешуге ынталы зауыт басшылығы даталы мерекелерді де ұмыт қалдырған емес. Кейден ауылына ғана емес, аудан көлемінде қамқорлық пен қайыры мол істердің басы-қасынан табылып, көмек қолын созып келеді.
– Әрбір мереке сайын ауыл халқына қолдау көрсетіп, құттықтап, ықыласымызды бөлісіп отырамыз. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Ал, алғы толқын ардагерлердің орны бір төбе. Оларға ізет білдіріп, құрмет көрсетсек жарасады. Қоғам гүлденуі жолында қажырлы тер төккен аға буынның еңбегі ерен. Оларға сәлем беріп, ақ батасын алғанға не жетсін. Әдемі қартайып, елдің ортасында отырып, ақыл-кеңесін айтып отырған сіздер секілді аға буынға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – деп Даирбек Әбдешев басшылық пен ұжымның атынан құттықтауын жеткізді.
«Бауыржан Момышұлы қарттарды былай деп төртке бөлген екен. Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап өсек айтатын қарт – шал. Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қарт – қария. Тұтас бір ауылдың жыртығын бүтіндеп отырған қарт – ақсақал. Ал елдің дау-дамайын шешіп, тұла бойына тағылымды тарихты, ізгі қасиеттерді сіңірген қарт – абыз деп атауға лайық.
Иә, өмір деген өзен суындай тоқтаусыз ағып жатқанымен, судың жағасындағы жас шыбықтар өсіп жетілсе, алдымен гүлдегені қурайтыны секілді, ортамызда жүрген қазыналы қарттарымыздың қатары сиреп түсетіні де – өмір заңдылығы. Мұқағали ақынның өлеңі осындайда ойға орала береді. «Неменеге жетiстiң, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр. Бiрi мiнiп келместiң кемесiне, Бiрi күтiп, әнеки, жағада тұр». Уақыт бір орында тұрмайды. Сынаптай сырғып өтіп жатқан өмірде дария кеуде, тау мүсін қарияларды көзі тірісінде құрметтейік. Жастарға қарияларды үлгі етейік» деп осындай ілтипаттың арқауы үзілмейтінін айтып, ардагерлерге амандық пен саулық тіледі.
Жиналған көптің атынан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов ризашылығын жеткізіп, ізет көрсеткендерге ақ батасын берді.

Әли ТЕМІРБЕК

05 қазан 2024 ж. 128 0