» » АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ



Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай "AMANAT" партиясы аудандық филиалы жанындағы "Жалын" бастауыш партия ұйымы Жаңақорған аграрлы- техникалық колледжінде “Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет” атты жауынгер ардагерлерімізбен Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушылары кездесу кешін өткізді. Шараны колледж директорының м.а Т.Абдраимов құттықтап ашып берді.
Ауған соғысы – тек қана тарихтың бір парағы емес, халқымыздың рухын көтеріп, ел қорғаудағы жанқиярлықтың ерекше кезеңі болды. Сіздер сол кездің өзінде бейбітшілік үшін күресіп, жауынгерлік міндетті абыроймен атқарып, қиыншылықтар мен қиын сынақтардан сүрінбей өтті.
Іс-шарамызға Жаңақорған ауданының Ауған ардагерлер кеңесінің төрағасы Аблакимов Қуаныш мырза бастаған бір топ Ауған жауынгерлеріміз төбе көрсетті. Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесінің бастығы майор Сағатұлы Бағдат мырза мен Жаңақорған ауданының газетінің “Жаңақорған тынысы” газетінің редакторының орынбасары Үсейнов Баян Алеудинқызы қатысты. Шара барысында ардагерлер білім алушыларға ауған соғысы жайлы, бастан өткен оқиғаларымен бөлісті. Шараны "Жалын" БПҰ-ның төрағасы Мампаев Алмат Құрбанайұлы қорытындылап, келген қонақтарға сый-сыяпаттар табысталып, құрмет көрсетілді.
13 ақпан 2025 ж. 85 0