№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ерлік ұлықталуы тиіс

Ерлік ұлықталуы тиіс


Жаймашуақ мамыр айы мемлекеттік маңыздағы мерекелер молдығымен әлеумет көңіліне ерекше жылы. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – жеңіс күніне орай Қазатомөнеркәсіптің еншілес ұйымы “СКЗ-U” ЖШС мекемесі басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Гульнара Рүстемова Жаңақорған ауданы бойынша түрлі санаттағы ардагерлер отбасына арнайы барып, құттықтауды жөн санады.


Олардың қатарында тыл ардагерлері Манзура Құлымбетова, Ибадулла Байқожин, Әнипа Өмірбекова, Базаркүл Жайымбаева, Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген ардагерлер Әден Үсенбаев, Ғани Есімов, Құрбанбек Ахметов және ауған соғысының ардагері Нұрлан Сейітжаппаров сынды аға-апаларымыз бар.
Осы аталған азаматтардың шаңырағында болып емен-жарқын әңгімелесіп, көңіл-күйлерімен бөлісті. Мекеме атынан тағайындалған мерекелік қаржылай сый-сияпат пен гүл-шоқтарын табыс етті.
«Көңіл көңілден су ішеді» дегендей, ардагерлеріміз өздеріне зор ықылас танытып, құрмет-қошеметке бөлеуді парыз санаған еліміз бойынша ірі өндіріс орнының жергілікті жердегі өкілдеріне өз аттарынан зор ризашылықтарын жеткізді.

Әсел РЗАЕВА

11 мамыр 2024 ж. 218 0