Мейірімді алақан иесі

Адамзат тарихында ұлы екі мамандық бар. Бірі – ұстаздық, екіншісі – дәрігерлік. Бірі адамның үлкен өмірдегі орнын айқындап беретін бағдаршам іспеттес болса, екіншісі тірі жанның тіршілігіне араша түсіп, жанына шипа болатын асыл мамандық. Осы жолды таңдаған, адам жанының арашашысы болып жүрген ақ халатты абзал жанның бірі – Пернебек Нұрдаулет Әбдірахманұлы. Ол орта мектепті бітірген соң2014-2017жылдарыТүркістан қаласы, Түркістан Медицина Колледжінде оқып шығады. Оқу орнын тәмамдаған соңяғни 2019 жылы балалар бөлімінде еңбек жолы басталады. Бүгінде инсульт бөлімінде мейіргер қызметін үздіксіз, абыроймен атқарып келеді.
Бүгінгі қоғамның мейіргері тек дәрігердің көмекшісі ғана емес, ол ойшыл, үнемі ізденіс үстінде жүретін, адам өмірі үшін дер кезінде дұрыс шешім қабылдай алатын маман. Біздің кейіпкеріміз Нұрдаулет алты жылға жуық денсаулық саласында жүріп, жанына шипа іздеген талай адамға сапалы медициналық қызмет көрсетіп, алғысын алған. Өзінің еңбек жолын абыройлы, тиянақты алып жүрген білікті маман.
Әсел Кеңесқызы