» » » Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Жас пен кәріге, адамзаттың бәріне көмек қолын созатын, әр адамның жанына дауа, дертіне шипа болардай ем беретін ақ халатты абзал жандардың кәсіби төл мерекелері ауданымызда аталып өтті.

Бүгін Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы медициналық қызмет көрсету жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері мен ардагерлерін мерекелерімен құттықтай отырып, аудан әкімінің "Алғыс хаты" мен сыйлықтарын табыс етті.

Сонымен бірге, шара барысында аурухананың бірқатар сала қызметкерлерін Денсаулық сақтау министрлігі , облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, " Senim” Денсаулық сақтау салалық кәсіподақ атынан берілген алғыс хаттарды ауданның бас дәрігері Сәкен Алеудинұлы табыстады.

Мерекелік іс–шара аудан өнерпаздарының ән-шашуымен жалғасты.
23 маусым 2023 ж. 269 0