Мейірбикелер күні аталып өтті
Мейірбике ісі – ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін маман иесі. Олар сырқатына ем, дертіне дауа іздеген талайжандардың көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері. Атаулы мереке қарсаңында «Жаңақорған Санаториясы» БПҰ - да аудандық орталық аурухана басшылығымен бірге мерекелік шара өтті. Салтанатты іс-шараға жиналған ұжымды кәсіби мерекелерімен аурухана басшылары құттықтап, атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.
Айтулы шарада «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталып, ақ халатты абзал жандар құрметке бөленді.
Адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы ақ халатты медбикелер баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен құттықтаймыз. Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Марапаттарыңыз құтты болсын!