Мейірбикелер күні аталып өтті

Салтанатты іс-шараға жиналған ұжымды кәсіби мерекелерімен аурухана басшылары құттықтап, атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.
Айтулы шарада «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталып, ақ халатты абзал жандар құрметке бөленді.
Адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы ақ халатты медбикелер баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен құттықтаймыз. Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Марапаттарыңыз құтты болсын!