Соңғы жаңалықтар

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » МАМАНДЫҒЫМ МАҚТАНЫШЫМ: Өрт сөндіру нағыз жүректілердiн iсi

МАМАНДЫҒЫМ МАҚТАНЫШЫМ: Өрт сөндіру нағыз жүректілердiн iсi



Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, аудандық "AMANAT" партиясы өңірiмiздегi қарапайым жұмысшы мамандарды дәріптеп, елге өнеге етiп келеді.
Бүгін ауданымыздағы "Өрт сөндіру" бөліміне барып, бiр күндік жұмыс барысымен танысып қайттық.
Байқағанымыздай, өрт сөндіруші мамандығы әлемдегі ең қауіпті кәсіптердің бірі екеніне көзіміз жетті. Тілсіз жаумен өз өміріне қатерге тігіп, қызыл жалынмен күресті күнделікті еңбегіне айналдыра білген жандар – өз ісінің нағыз мамандары десек артық болмас.
Бiр күндік жұмыс барысы яғни өрт сөндіруші мамандардың әр сағаты жоспарланған, арнайы кесте құрылған. Сағат таңертеңгі сағат 7.45-те ауысымдағы қызметкерлер бөлімге жиналуы тиіс. Кезекшілікке түсетін қызметкерлердің қауіпсіздігін бақылау мақсатында 8.15-8.45 аралығында барлығы тексеріліп, қабылдап алынады.
Олар алдымен, өрт сөндіру құралдары мен техниканың жағдайын тексереді, теориялық сабақтар өткізеді, оқу-жаттығу, дене шынықтырумен айналысады. Барлығы темірдей тәртіпке бағынады екен. Өйткені, елдi тiлсiз жаудан сақтандырып, алапат өрттен қорғайтын осы маман иелері.
Өрт сөндірушілердің арасында «Жеңдерің құрғақ болсын» деген әдемі тілек бар екен. Бұл – «өрт болмасын» деген сөз. Лайым солай болсын!
05 наурыз 2025 ж. 77 0