Құтқарушылар күніне орай танымыдық шара өтті
19 қазан - «Құтқарушылар күні». Кәсіби мереке қарсаңында апаттың алдын алу, төнген қатерден халықтың өмірін сақтап қалуда өз өмірін қатерге тігіп жүрген осы бір маңызды мамандық иелерінің жұмысының қыр-сырымен танысу үшін «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалы «Qaisar» әскери-патриоттық партиялық жоба аясында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде оқушыларға арналған танымдық экскурсия шарасын ұйымдастырды.
Танымдық шараға Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары қатысып, өрт сөндіруші мамандығын қалай, қайда меңгеруге болатындығы жайында ақпарат алды.
Біле білген адамға, ең қауіпті деген мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға ғана тән жұмыс жүректілік пен батылдықты талап етеді. Сондай-ақ, білім мен білек күші де құтқарушылар қатарына қабылдануда маңызды рөл атқарады - дейді өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Шалқар Самалбаев.
Бұл басқосудың басты кейіпкерлері - мектеп бітіруші түлектер. Олар аталмыш мамандықты жүрек қалауы бойынша меңгеруге мүдделі екенін түсініп, сала мамандарымен пікір алмасты.
Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің мамандары. Бұл іс кез - келгеннің қолынан келе бермейді. Сондықтан азаматтардың ғұмырын сақтап қалуда өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, отан алдындағы антқа адал қызмет етіп жүрген баршаңызға үлкен алғысымызды білдіреміз,- деді мектеп оқушысы Марат Нұрперзент.