№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тәуелсіздік құрдасы: Өрт сөндіруші

Тәуелсіздік құрдасы: Өрт сөндіруші

Өрт сөндіру бөлімінің маманы Хұсайынқожа Төлегеновті қызметімен танимыз. Ол 2015 жылы 14 өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші құтқарушы болып жұмысқа орналасып, 6 жылдан бері табанды еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда 14 өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі қызметін атқаруда.
– 1997 жылы Исатай Әбдікәрімов атындағы №168 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2008 жылы сол білім ордасынан түлеп ұштым. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне Құқықтану мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012 жылы диплом алып шықтым. Бүгінге өрт сөндіруші мамандығын абыройлы алып жүрген жастың бірімін, – деді Хұсайынқожа Абибуллаұлы.
Адам өміріне араша түсіп, қоғамға төнген апатқа тосқауыл болуға жаралған құтқарушы қызметіндегі сарбаздар қандай құрмет болса да лайық. Таңмен таласа жүріп, күн-түн демей, жанын шүберекке түйіп, қызметіне адал болуға ант берген құтқарушы жандардың расында жұмысы ауыр.
17 желтоқсан 2021 ж. 310 0