«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еңбек адамы – ел тірегі

Еңбек адамы – ел тірегі


Елбасы жариялаған «Президенттің  5 әлеуметтік бастамасында» қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеру, оның адал еңбегін насихаттаудың маңыздылығы айтылды. Осы тұста, қоғамда қызметі тыс қалып қойған қарапайым жұмысшылардың күйбең тіршілігіне зер салып, мол ақпаратқа кенелдік.

Аудандағы ірі өндіріс ошағының бірі – «СКЗ-U» ЖШС. Зауыттағы еңбек адамдарының тыныс-тіршілігімен таныспаққа бет түзедік. Мұндағы ең жүк тиеу-түсіру теміржол бөлімшесіндегі қызметкерлердің жұмыс жауапкершілігі жоғары. Себебі, мұнда күндігіне 10 вагон күкірт түйіршігі төгіледі. Төгілетін күкіртті аса ептілікпен түсірмесе, мұнда өрт тұтанудың қаупі бар. Сондықтан, жұмысшылар аса мұқияттылықпен, сақтықпен қимылдап, қауіпсіздік ережесіне сай әрекет жасайды. Қауіпсіздік ережесіне сай қамданып, бір реттік комбинизон киіп, қорғаныс каскасын таққан Қорғанбай Адайбаевты жұмыс үстінде жолықтырдық.
– Бұл бөлімшеде жұмыс жасағаныма жеті жылдан асты. Алғашында жұмысқа үйренісу қиындық тудырғанымен, кейін сіңісіп кеттім. Бұрын күкірт ұнтақ күйінде жеткізілсе, бүгінде түйіршік түрінде әкелінуде. Бұл жұмысшыға да, өндіріс ісіне де тиімді, – деп сөзін бастады. Түйіршік түріндегі күкірттің тиімді тұсын сөз еткен «СКЗ -U» ЖШС бас директерінің әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Сәулебек Дүйсебеков: «Соңғы 3 жылда түйіршік күкіртті пайдаланудамыз. Бұл бір жағынан шаң-тозаң болдырмайды, әрі табиғатқа да, адам денсаулығына да еш зияндылығы жоқ. Өндірісте тез ериді, әрі сапалы күкірт қышқылын өндіруге тиімді» , – деді. Сәулебек Дүйсебековтің сөзінен бұл бөлімшеде жұмысқа қабылданатын жандарға белгілі талаптар қойылатынын ұқтық. Жұмыс жауапкершілігін сезінетін, ішімдік пен темекіге әуестенбейтін және әріптестер арасында тыныштық сақтай білетін жандар ғана ұзақ қызмет ете алатынын түсіндік. Міне, осындай талапқа сай болып, қарапайым мінезімен зауыт басшыларына, бірге қызмет ететін әріптестеріне сыйлы бола білген Қорғанбай Жақсылықұлы өз жұмысын жетік меңгергенін білдірді. Әңгіме арасында «Бұл бөлімшеден өзге бөлімшеге ауысуға талай рет сұраныс түсті. Өзімнің негізгі мамандығым –техника механигі. Мамандық бойынша зауытта да, басқа мекемеде де жұмыс бар. Десе де, осы жұмыс өзіме ұнайды», – деп қойды. Одан кейін, күнделікті жұмыс барысын түсіндірді.
– Вагондағы күкірт жабық пакетпен қапталып келеді. Вагонның астынғы тартпасын ашып, пластик пакетті тілу арқылы түсіреміз. Күкірттің толық түсірілуін, жолға төгілген күкіртті тазартып, вагонның қауіпсіз қозғалуын қадағалаймыз. Епті адамға еш қиын емес, – деді.
Бұл бөлімшеде Қорғанбай Адайбаевтан өзге 12 жүк түсірушісі белгіленген кестеге сай жұмыс атқарады. Олардың ішінде 4 цех шебері бар. Жасы және еңбек өтілі жоғары болғандықтан олардың жұмысын пысықтау, жұмыс жайын түсіндіру кейіпкердің мойынындағы жүк. Жаңадан жұмысқа келгендердің барлығы тәжірибелі маманнан кеңес сұрайды екен. Зауыт тарапынан бұл бөлімшедегі қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалап, кұнарлы тамақтануға және айлық табысын уақыттылы алуға жағдай жасалған.
Мақаланы кейіпкеріміз Қорғанбай Адайбаевтың сөзімен түйсек, «Еңбекте – адалдық, әріптестікте –сенімділік, жүректе – имандылық, барға – тәубешілік еткен жан қай салада болмасын жүзі жарық, көкірек көзі ашық болады».
Мақпал МАРҚАБАЙ.
 
07 маусым 2018 ж. 967 0