№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » “Қызылқұм” басшылығының қамқорлығы

“Қызылқұм” басшылығының қамқорлығы


Адам – қоғамның басты байлығы, ал оның өмірі бәрінен қымбат. Ел экономикасын ілгерілету бағытында ведомстволық жоспарды мақсатты жүзеге асырумен қатар тиімділік пен сапаға қол жеткізу көзделген. Осындай тәуекелді талаптың тереңінде әрине, тұлғалардың жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алдыңғы кезекте тұрады.
Бұл дөңгеленген дүниенің қай бұрышында да саналы серпін алып отырған міндет. Оның дәлелі, 2003 жылдан бастап Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасы бойынша Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күнін атап өту дәстүрге айналған.
Мекеме басшылығының бұйрығымен еңбекті қорғау және денсаулықты сақтау саласындағы саясатқа сәйкес, биылғы жыл «Өндіріс кауіпсіздігінің мәдениеті» жылы деп жарияланып отыр.
Осыған орай, «Қызылқұм» ЖШС-де бірқатар іс-шаралар жасалынып жоғары деңгейде атап өтілді. Жыл басынан бері еңбек қауіпсіздігі шараларын сақтауда жоғары көрсеткіштерге жеткен жылумен, сумен жабдықтау учаскесіне ауыспалы кубок пен 1-дәрежелі диплом табысталды. Жұмысшы қызметкерлердің балалары арасында «Менің ата-анам қауіпсіз жерде жұмыс жасайды» тақырыбында сурет салу конкурсы ұйымдастырылып жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылса, еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзбай жұмыс жасаған 10 жұмысшыға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Аталған шара барысында «Хорасан-1» кенішінің көлік жүргізушісі, Байкенже ауылының тұрғыны Т. Ізбасаровтың құрметті еңбек демалысына шығуына байланысты иығына шапан жауып, сый-құрмет жасалынды.
Еңбек адамына құрмет еш уақытта төмендемейді. Ал олардың қызметін бағалап, саулығына саналы атсалысу мекеме басшылығының ұдайы назарында.

Алдаберген ЫДЫРЫСОВ,
еңбекті қорғау техникалық қауіпсіздігі радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бөлімі басшысының орынбасары.
19 мамыр 2018 ж. 1 296 0