№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ауылдан – Олимпиадаға

Ауылдан – Олимпиадаға


Келінтөбе спорты десе Сыр өңірінің қыздар гандболы еріксіз еске түседі. Аудан гандболын алға сүйреп, облыстың ғана емес, ұлттық құраманың тізгінін ұстаған біздің аруларға барлығы бас иеді. Бір ауылдан ғана шыққан бұрымдылар аймақта аудандар арасында бес жылдан бері ешкімді мойындамай келеді. Бұл туралы кейінірек, бүгін біз ауыл спортының екінші тынысын ашқан таэквандоға тоқталуды жөн көрдік. Кезінде ережесіз жекпе-жектен және қоян-қолтық төбелес, таэквандо мен бокстан чемпион атанып үлгерген жас бапкер Нұрсұлтан Бекзілдаевпен байланысып, Олимпиадалық спорттың бүгіні мен болашағы туралы әңгіме өрбіттік.


Алдымен Нұрсұлтанның өзінен бастайық. Ол бала кезінен спортқа тым жақын өсті. Анасы кезінде спортшы болған, бір сөзінде «спорт маған нағашыларымнан дарыған» деген болатын. Мектеп қабырғасын тәмамдаған соң арман қуып Алматы, Шымкент сынды қалаларға жол тартты. Басқа салада білім алғанына қарамастан, оның бар ынта-жігері спортты қалап тұрды. Көп ұзамай спорттық клубтардың есігін қағып, бапкерлер іздей бастады. Бекен бапкер және тағы бір-екі жаттықтырушының қанатының астынан түлеп, үлкен спорттағы алғашқы қадамдарын жасады. ММА, Греплинг, панкратион, яғни ережесіз жекпе-жек деген додаларға қосылады. Бірнеше рет чемпион атанып, көптеген демеушілердің көзіне түседі. Алайда, оның спорттағы жолы көпке созылмады. Әке сөзін жерге тастамай ауылға келіп, шәкірт тәрбиелейді.
– 2020 жылы ауылға арнайы келіп, шәкірт тәрбиелеуді мақсат тұттым. Негізі бұл ісіме бастамашыл болған Әбдісаттар Садықов бапкер болатын. Греплинг, қоянқолтық ұрыс, самбо мен дзюдодан балалар тәрбиелеуді бастадым. Алғашқы шәкірттерім турнирлерге шығып, қоян-қолтық ұрыс пен самбодан қатысып жүрді. Осыдан екі жыл бұрын Әбдісаттар ағай маған жұмыс ұсынды. №8 спорт мектебінде таэквандодан сабақ беруім керек. Ойланбастан келісе кеттім, айналдырған екі жылдың ішінде қаншама шәкірт тәрбиелеп шығардым. Нәтиже көңіл қуантады. Ағайға айтар алғысым шексіз.
– Жалпы бұл спорт та олимпиадалық түрге енеді емес пе?
– Әрине, аймақ спортының басшысы да биылдан бастап олимпиадалық спорт түрлеріне өте қатты көңіл бөле бастады. 2022 жылы қызметке келіп, бірден шәкірттер жинай бастадым. Былтыр жасөспірімдер арасында ел чемпионатында жүлдемен оралдым. Бір шәкіртім күміс, бірі қоламен қуантты. Мектепте басым көбі ұлдар, қыздар аз, қазір үш бұрымдыны дайындап жатырмын. 2010-2017 жылы туылған 50-ге жуық жас спортшы тәлім алып жүр. Шыны керек, соңғы жылдары ауыл тұрғындарынан өте көп ұсыныс түсуде, яғни ұлдарын мектепке қабылдау жөнінде. Әзірге мектеп қабырғасында дәріс беремін, бұйырса жаңа спорт кешені ашылса, бала санын арттыруға жұмыс жасаймыз. Айта кететіні, осы жылдың Наурыз айында облыста іріктеу өтеді, сыннан сүрінбегендер Елорда төрінде өтетін ҚР чемпионатында өнер көрсетеді.
– Басқа қандай жоспарларыңыз бар? Отбасыңызға да тоқтала кетсеңіз.
– Жоспар өте көп, әзірге Келінтөбе жастарын баптап жатырмын, бұйырса жаңа кешен ашылып жатса, қасыма тағы бір бапкер алып, көршілес ауылдардың да балаларын дайындайтын боламыз. Ауылдағы қыздардың көбі гандболға барып, Құнанбайдан дәріс алып жүр, ұлдар жағы менің залыма келуде. Бір ғана ауылдан екі олимпиадалық спорттың биігі көрініп жатса қандай қуаныш. №7 спорт мектебінен Кәмілжан ағаймен де тәжірибе алмасып, аудан абыройын қорғауды бастап кеттік. Құдай қаласа таэквандодан көк байрағымызды шәкірттеріміз желбіретіп жатса Сыр елі үшін үлкен жетістік болар еді. Ал отбасыма келетін болсам, өзім 5 ағайындымын, өз жанұямда жан-жарым екеуміз 3 ұл-қыз тәрбиелеп отырмыз. Ұлдарымды спортқа баулу ойымда бар, мен жетпеген жетістіктерге шәкірттерім мен ұлдарым жетеді деген үмітім бар.
Қысқаша айта кететіні, қол добынан Құнанбайдың қыздары ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп келеді. Жақында Жанерке бастаған ұлттық құрама қыздары Азияны бағындырып, алтын тұғырдан көрінді. Міне, 60 жылдық тарихы бар ауылда соңғы жылдары қос спорттың белесі қуанта бастады. Қалғанын уақыттың еншісіне қалдырайық.

Әлібек ТЕМІРБЕК

25 ақпан 2025 ж. 283 0