ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ҮЗДІК 10 СПОРТ. 2018 ЖЫЛДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГІ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?
1. Көштің басында еркін күрес спорты тұрары заңды. Себебі, бұл спорттан Олимпиадаға 3 балуан ел намысын қорғап қайтты. Одан бөлек, Әлем және Азия чемпионаттарында көк ту талай мәрте көкте желбіреді. Биыл да табысты болды балуандар. Сондықтан, үздіктер тізімінде бұл спорт бірінші орынын сақтап қалды.
2. Кешегі күнге дейін екінші орынды бермей келген футболдың орнын белбеу күресі басты. Биыл бұл спорт түрі табысқа кенелді. Ересектер және жастар арасынан Әлем чемпионаттарында қанжығамыз күміспен де, қоламен де майланды. №7 ОРМБЖ мектебінен тәлім алған балуандар бүгінде аудан атын Қазақстанға танытып, жаңартылған рейтингте күміс орынға шықты.
3. Ал, қола жүлде футболға бұйырды. Оқушылар арасында өтетін облыстық, республикалық спартакиадада жаңақорғандық өрендер жүлдемен оралып жүрді. Әсіресе, Сыр өңірінде өтетін турнирлерде біздің саңлақтар ешкімге дес берер емес. Сол себепті, футбол үздік үштікті түйіндеп тұр.
4. Төртінші сатыға бокс спорты көтерілді. Биыл ел біріншілігінде және Халықаралық додаларда балғын боксшылар атой салды. Жасөспірімдердің өзі Қазақстан чемпионатында 3 алтын алып үлгерді. Қуандық Жүсіп бастаған былғары қолғап шеберлері аудан боксын өрге сүйреуде.
5. Көкпар. Қазақтың төл спортының ауданда дамуы өте күшті. Оның бір ғана айғағы бүгінде көкпардан облыс құрамасының 98 пайызын жаңақорғандық жігіттер құрайды. Мұның өзі аудан үшін үлкен абырой, үлкен мақтаныш.
6. Қол күрес. Соңғы жылдары бұл спорттың өрісі кеңейіп келеді. Жастар мен ересектер арасындағы бәсекелерде біздің білектілер бәсекеге қабылетті екенін көрсетіп келеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар да ел намысын үлкен ареналарда қорғап жүр.
7. Қол добы, яғни гандбол спорты. Бұл спорт десе жас болса да білікті бапкер Құнанбай Салыбековтың есімі еріксіз есімізге оралады. Келінтөбе ауылынан шыққан бұрымдылар гандболдан аудан абыройын облыста қорғап жүр. Үздік үштікте келеді. Тіпті, екі спортшы облыс құрамасына іліккен. Әрі, оқушы болса да спорт шбереі атанып үлгерген спортшылар да бар екен.
8. Баскетбол. Бүгінде Қанат Айдаров пен Дильяра Мұсаева баптайтын жастар мен жасөспірімдер аудан атынан талай облыстық, республикалық аламандарда жүлдеден көрініп жүр. Сондай-ақ, мектеп оқушылары спартакиада ойындарында облыста озық екенін сан мәрте дәлелдеді.
9. Волейбол десе Байгенже ауылы көз алдымызға елестейді. Иә, бүгінде аядай ғана ауылда осы спорттың қарқынды дамуы аудан волейболының өсуіне оң ықпалын тигізуде. Ғазиз, Батыр сында білікті ұстаздардан тәлім алатын шәкірттер облыста табысты өнер көрсетуде.
10. Бұл орынға біз бүгін екі бірдей спортты орналастырдық. Бірі – тоғызқұмалақ, екіншісі – таеквандо. Қос спорттан да жеткен жетістік аз емес. Республикалық сындарда топ жарып жүрген жерлестеріміз аз емес.
Міне, біз биылғы жылғы рейтингті осылай өзімізше жаңаладық. Келер жыл да қайта сараптап көреміз. Ал, спортшылар сәттілік...

Пікір 1