ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ

Ерекше қажеттіліктері бар балалар өз құрбы-құрдастарымен тең деңгейде білім алуға құқылы. Осындай балалардың қоғамның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруде инклюзивті білім беру орталықтарының маңызы зор.
Бүгін осындай орталықтарға баратын балалардың жағдайымен танысу үшін "Кедергісіз келешек" жобасы аясында "AMANAT" партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ аудан орталығында орналасқан инклюзивті білім беруді енгізген білім ордасындағы арнайы «Ресурстық орталыққа» барды. Жұмыс барысында бұл салада кейінгі жылдары алға ілгерілеу бар дегенмен де, арнайы мамандар мен сапалы оқулықтың жетіспеушілігі, заманауи құрылғылардың болмауы ерекше балалардың денсаулығын одан әрі жақсартуға мүмкіндік бермей отырғаны анықталды. Соған қарамастан оң нәтиже де жоқ емес. 2023 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келе жатқан төрт маман дамуында тежелісі бар 3 мектеп оқушысын қатарға қосқан.
Әрине науқас баламен жұмыс жасау қаншалықты қиын болғанымен үш баланың денсаулығының оңалуы қуантарлық жағдай. Осындай орталықта баланың дамуына керекті деген құрылғымен тоқтап қалғысы келмеген мамандар соңғы екі жылда аудандық білім бөліміне сөйлеу тілі бұзылған және психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуға, психикалық дамуы тежелген, көру және есту қабілеті бұзылған, сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар балалар, аутизмге шалдыққан және тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың білім алуына қажетті деген заманауи құрылғылардың тізімін жасап, сұраныс жолдаған. Алайда әлі күнге дейін тиісті орыннан мардымды жауап болмай тұрған көрінеді. Ал партиялық жобаның мақсаты аталған мәселелерге зейін қойып, түйткілдердің түйінін тарқатудың жолын табу