№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті

Мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті

«Jas Otan» жастар қанатының Жаңақорған аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында "Бәріміз бірдейміз" атты мүмкіндігі шектеулі жандармен онлайн кездесу өттізді.
Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын сұрады. Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назарын аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа Жолдауында, ҚР Білім туралы заңында: «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Жолдауында басты назарда болып айтылып келеді. Психологиялық тексеру – кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерінің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейтесті мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Инклюзивті білім берудің 3 негізі -жіберу, қатысу, қолдау жорамалдаған, менің көзқарасым түзетумен қолдаусыз жаппай мектептерде оқитын ақыл-ойы ауытқыған, ПДТ балалар т.б.ТҚА, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың жалпы білім беру үрдісінде алдын-ала анықталады .
Даму белсенділігі мүмкіндігінен айырылған балалармен арнайы(тұзету) коррекциялық жұмыстар.Аутиптік бала бейімдеу кезеңінде ата-анасымен үнемі байланыс жасаудың маңызы зор. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдруде. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.
Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау шарттары мен медициналық көмектің сапасы да сөз болды. Осы мәселелер тұрғысынан нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.


«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы
Жаңақорған аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді
07 қаңтар 2021 ж. 577 0