Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қызылордада ерекше балаларға арналған арнайы кабинеттер ашылады

Қызылордада ерекше балаларға арналған арнайы кабинеттер ашылады


Қызылорда облысында балалар жылына орай 28 мектептен инклюзивті қолдау кабинеті, 47 балабақшадан логопункт және 2 ауданнан инклюзивтік ресурстық орталық пен 2 балабақшадан аутизм кабинеті ашылады. Олар балаларға әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау көрсетіп, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бұзылысына қарай жағдай жасалатын болады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы өңіріміздегі мемлекеттік балабақшалар арнайы маман және кабинеттермен 100% қамтамасыз етіледі. Онда ерекше балалармен тәжірибелі арнайы мамандар жұмыс жасайтын болады. Оңалту және психологиялық-педагогикалық түзету қызметтері мемлекеттік қызмет болып есептеледі және ол тегін көрсетіледі.

Облыстық білім басқармасы ПМПК желісін 50 000 балаға жеткізу мақсатында 2023 жылы 1 ПМПК ашу жоспарлап отыр. Осылайша, балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау айтарлықтай кеңейіп келеді, бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді, – деп түсіндірді балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.

Сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарының желісін арттыру жоспарлануда. Бүгінгі күні облысымызда 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы және 3 арнайы мектеп интернаттары жұмыс жасаған болса, Балалар жылы қарсаңында биыл 1 аутизм орталығы ашылып отыр.
28 шілде 2022 ж. 985 0