БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС
Білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. Отырысты кеңес төрағасы Жанат Жусипова жүргізді. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жаңақорған ауданы бойынша Жол картасындағы 1 ресурстық инклюзивті орталық, инклюзивті кабинеттер мен логопедтік пункттерді ашу және оларды арнайы мамандармен қамтамасыз ету бойынша индикаторларының орындалу барысы туралы. Жаңақорған ауданы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім беру жүйесімен қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беру оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктерді есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
«Nur Otan» партиясының Жаңақорған ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасынының орындалуы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатыр. Бағдарламаға сәйкес «Бір ресурстық инклюзивті орталық, инклюзивті кабинеттер мен логопедтік пунктерді ашу және арнайы мамандармен қамтамасыз ету бағдарламаға енгізілген. №51 М.Қаратаев атындағы орта мектеп КММ Инклюзивті орталық аталған мектеп жанынан ашылды. Инклюзивті орталық ашуға қаржы бөлініп, электронды портал арқылы конкурс жарияланды. Нәтижесінде инклюзивті ресурстық орталық ашылып, 4 арнайы маманмен қамтамасыз етілді. Мамандар логапед, дефектолог, олегофрен және психолог мамандықтары бойынша мектептегі ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арнайы кесте бойынша жұмыс жүргізуде. Арнайы мамандар депутаттарды ашылған орталықтың кабинеттерімен жеке-жеке және әр баламен жұмыс жасау сәттерімен таныстырып шықты.
Бұл жердегі әр маманның атқаратын қызметтері ерекше. Педагог-психолог сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез-құлқы және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсетіледі. Педагог логопед маман - баланың сөйлеу тілінің бұзылысын анықтап, сонымен қатар сақталған функцияларын орнына келтіру, дамыту мүмкіншіліктеріне негізделген. Түзету әдістері арқылы сөйлеу кемшіліктерін түзейді.
Педагог дефектолог маманының көмегі оқушылардың дүниетанымдық деңгейін дамыту, қоршаған орта құбылыстарымен заттар туралы түсініктерін қалыптастырады. Олигофренопедагог маман – ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды, интелектісі бұзылған балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағытында жұмыс жасайды.