№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі

Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе - балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Бұл жаһандық мәселе болғандықтан оның ауданда жүзеге асырылу барысын "Nur Otan" партиясы Жаңақорған ауданының сайлауалды бағдарламасына енгізілген болатын. Жақында аталған бағдарлаианың орындалу барысымен танысу үшін "Nur Otan" партиясы Жаңақорған ауданының аудандық мәслихат депутаттары Ж. Жүсипова, Ә. Тілеубергенова және "Nur Otan" партиясы Жаңақорған ауданы филиалының консультанты М. Ермахановалар Жаңақорған кенті орталығындағы 51 -ші мектептен ашылған инклюзивті ресурстық орталықта болып қайттық.
Биылғы жылдың қазан айынан бастап ашылған орталықта, бүгінгі таңда 4 арнайы логопед, дефектолог, олегофрен және психолог мамандары мектептегі қосымша ерекше білімді қажет ететін 8 оқушыға дәріс беруде. Орталық қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мемлекеттің қолдауына ие болған жас балаларымыз алдағы уақытта өз орталарына тез арада қосылуына іштей тілектестігімізді білдіріп қайттық.

Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы фракциясының жетекшісі,аудандық мәслихат депутаты,аудандық кітапхана директоры
07 желтоқсан 2021 ж. 450 0