№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ


Жаңақорған ауданы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім беру жүйесімен қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беру оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктерді есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.

«Nur Otan» партиясының Жаңақорған ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасынының орындалуы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатыр. Бағдарламаға сәйкес «Бір ресурстық инклюзивті орталық, инклюзивті кабинеттер мен логопедтік пунктерді ашу және арнайы мамандармен қамтамасыз ету бағдарламаға енгізілген. Бағдарламадағы аталған мәселе орындалды. Инклюзифті орталықтың ашылуымен танысу мақсатында аудандық мәслихат депутаттары Ә.Тілеубергенова, Ж.Жүсіпова және «Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданы филиалының консультанты М.Ермахановалар №51 М.Қаратаев атындағы орта мектеп КММ болдық. Инклюзивті орталық аталған мектеп жанынан ашылды. Инклюзивті орталық ашуға қаржы бөлініп, электронды портал арқылы конкурс жарияланды. Нәтижесінде инклюзивті ресурстық орталық ашылып, 4 арнайы маманмен қамтамасыз етілді. Мамандар логапед, дефектолог, олегофрен және психолог мамандықтары бойынша мектептегі ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арнайы кесте бойынша жұмыс жүргізуде. Арнайы мамандар депутаттарды ашылған орталықтың кабинеттерімен жеке-жеке және әр баламен жұмыс жасау сәттерімен таныстырып шықты.
Бұл жердегі әр маманның атқаратын қызметтері ерекше. Педагог-психолог сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез-құлқы және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсетіледі. Педагог логопед маман - баланың сөйлеу тілінің бұзылысын анықтап, сонымен қатар сақталған функцияларын орнына келтіру, дамыту мүмкіншіліктеріне негізделген. Түзету әдістері арқылы сөйлеу кемшіліктерін түзейді.
Педагог дефектолог маманының көмегі оқушылардың дүниетанымдық деңгейін дамыту, қоршаған орта құбылыстарымен заттар туралы түсініктерін қалыптастырады. Олигофренопедагог маман – ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды, интелектісі бұзылған балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағытында жұмыс жасайды. Депутаттар мамандардың біліктіліктеріне ризашылықтарын білдірді.
Мамандар көмек берудің әдістерімен түрлерін қолдану жайында ата-аналармен байланыста болып отырады. Мемлекетіміз барлық халыққа қолдау көрсетіп отырады. Осындай қолдауға ие болған балаларымыздың өз ортасына тез бейімделіп, жетістіктеріне жетуіне тілектеспіз.
25 қараша 2021 ж. 305 0