Бизнес жүргізуге кедергі келтірмейтін тиімді жолды табуымыз қажет – Президент ҚҚС туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша құн салығына қатысты пікір білдірді. Преpидент экономиканы реформалау барысында барлық салалардың ерекшеліктерін ескеру қажеттігін, сондай-ақ салық мөлшерлемесін саралап, жан-жақты сараптама жүргізу қажеттігін атап өтті. Президенттің пікірінше, қазіргі ұсынылып отырған 20% ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары, және бұл мәселе тек сарапшылар мен кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып шешілуі тиіс.
Бүгін қоғамда осы мәселе төңірегінде қызу пікірталас жүруде. Мемлекет басшысы Үкіметтің салық мәселесіне қатысты шешімін қоғамдық талқылаудан кейін қабылдауды ұсынды. Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев, үкіметтің ұсынысымен келіспейтін кәсіпкерлер мен сарапшылардың пікірлері ескерілетінін және соңғы шешімнің тек жан-жақты зерттеулер мен нақты есептеулер негізінде қабылданатынын атап өтті. Қазіргі уақытта қосымша құн салығының мөлшерлемесін қайта қарау мәселесі экономика мен кәсіпкерлікке әсер етер үлкен шешім болғандықтан, мемлекеттің бұл бағыттағы шешімі үкіметтің, кәсіпкерлер мен қоғамның келісімінен шыққаны дұрыс деп ойлаймын.
Асылжан Жолдасбеков,
«Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры.