№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл: Даму мен болашақ

Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл: Даму мен болашақ


Биыл Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл.


– Биыл еліміздің мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Отыз жыл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен мемелекет үшін маңызды кезең. Осы уақыт аралығында халық қалаулылары мен мемлекеттің өркендеу жолында қызмет атқарған әр азамат елмен бірге дағдарыс пен өркендеу кезеңдерін бастан өткерді. Олар демократияны нығайтып, аймақтық экономиканы өркендетуде және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде еңбек етті. Ал, мәслихат жергілікті өзін-өзі басқару саласында маңызды рөлге ие. Ол халық пен билік арасындағы алтын көпір. Осы ретте, 30 жылдық мерейлі мерекемен баршаңызды құттықтаймын, - деді аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек.
Салтанатты жиын одан әрі Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай мерекелік марапаттау рәсіміне ұласты. Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов және аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы Әбілқайыр Сыздықов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаев сынды бірнеше сала басшылары мен кент әкімі Әбдрәсіл Ибрагимов «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Сондай-ақ, «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен және Қызылорда облысының «Қызылорда облыстық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен» аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдеріне табысталды.
Иә, Қазақстан мәслихаттары елдің саяси жүйесіндегі маңызды институттардың бірі болып табылады. Оның құрылуы мен дамуы тәуелсіздік алғаннан кейінгі маңызды белестердің бірі болып табылады. Мәслихаттар жергілікті биліктің нығаюына, халықтың қажеттіліктерін ескеруге және аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Осы 30 жыл ішінде мәслихаттар жергілікті басқарудың тиімділігін арттыруда зор үлес қосты.

Айсұлу Алданазар
31 желтоқсан 2024 ж. 109 0