№29 (8843) 22

22 сәуір 2025 ж.

№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Келінтөбеге 60 жыл


Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастарылған мәдени шараға аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аудан басшысы Мажит Самитов жиылған қауымды Келінтөбе ауылының 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Алғыс хат табыстады.
Айтулы шара мерекелік концертпен жалғасты.
Айта кетейік, Келінтөбе ауылы ең алғаш 1964 жылы Келінтөбе кеңшары, 1965 жылы Келінтөбе күріш совхозы болып құрылды. 1989 жылы Келінтөбе өндірістік кооперативі болып, 1997 жылы жекешелендіру барысында кооператив болып таратылды. Бүгінгі таңда ауылда 92 шаруа қожалық бар. Елді мекенде 608 отбасы, 3812 адам тұрады.
28 қазан 2024 ж. 553 0