№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ


Биыл мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 10 жыл толды. Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты шара өтті.

Мерекелік шарада аудан әкімі Мажит Самитов аталмыш сала мамандары мен ардагерлерін мерекемен құттықтап, Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қалдыбек Мұсаевқа Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісін, Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Қалипа Прімбетоваға және Айдархан Ердесбековқа Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің «Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» төсбелгісін табыстады.

Сондай-ақ, ауданның дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарын «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

Басқосуда сала ардагерлері Айдар Жұматов, Даулет Қалыбаевтар сала мамандарын мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
14 тамыз 2024 ж. 2 290 0