Соңғы жаңалықтар

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» Ардагер сарбаздарға құрмет көрсетілді

Ардагер сарбаздарға құрмет көрсетілді

Кеше аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай арнайы іс-шара өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы Сопбеков, аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы Нуридинов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Нұрбол Есеналиев, ауған соғысы ардагерлері мен отбасы мүшелері, ауданның зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.

Жиында мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков барша жиналған қауымды ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл мерейлі мерекемен құттықтады.
- Биыл талай боздақтың өмірін қиған Ауған соғысынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Ширек ғасыр уақыт өтсе де сол бір кез - кешегі аға буынның көз алдында десек артық айтқандық емес. Ауған халқын жаудан азат етуге бел буып, сапқа тұрған сарбаздар қатарында 23 мыңға жуық қазақстандық жауынгерлер де болды. Соның ішінде біздің Жаңақорғаннан 96 жауынгер әскери борышын өтеуге аттанды. Өкінішке орай, 1 жерлесіміз Мұхтар Нарымбетов жат жерде жау қолынан ерлікпен қаза тауып, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері атанса, 15-і бүгін арамызда жоқ. Сондықтан, елдегі бірлік пен берекенің бесігін тербетіп, жақсылықтың жаршысындай болған өздеріңізге айтар алғысымыз шексіз. Мұндай сәттер тарихта, өмірімізде қайталанбасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. - деді Ғалымжан Жарқынбекұлы.

Мерекелік шарада мәслихат төрағасы бір топ ауған соғысы ардагерлеріне облыс, аудан әкімінің құттықтау хатымен бірге 35 жылдық мерекелік медальдарын, сый-сияпатын табыстады. Сонымен бірге, аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Нұрбол Есеналиев сөз сөйлеп, бірқатар соғыс ардагерлерімен оның жесірлеріне аудан әкімінің құттықтау хаты мен 35 жылдық медальдарын, сый-сияпатын тапсырды.

Мерекелік жиын ардагерлердің құрметіне орай, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

---
16 ақпан 2024 ж. 147 0