№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кент келбеті көркейіп келеді

Кент келбеті көркейіп келеді


Бүгінде кент келбеті көркейіп, көшелер жарықтанып, абаттандыру жұмыстары үздіксіз жүріп жатқаны әмбеге аян. Әсіресе, кент ішінің тазалығына аса мән беріліп, тазалау жұмыстары үздіксіз жүруде. Осы орайда, біз кент әкімінің орынбасары Жасұлан Бейсенбековпен тілдесіп, биылғы атқарылған жұмыстар жайында кеңірек білдік.

– Кент көшелерінің жыл сайын жаңарып жатқанына өзіміз куәміз. Нақ осы жылы қанша көше жөнделіп, жарықтандырылды?
– Тұрғындардың сұранысына орай биыл әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікті жақсартуға барынша екпін қойып, елдімекен көшелерін орташа жөндеуге, көшелердегі көше жарығын күтіп ұстауға, тазалық жұмыстарын жүргізуге, көркейту-көгалдандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар» басқармасына Жаңақорған кентінің Ә. Әшірбеков, Ш.Бәкірұлы, П.Өрғараев, О.Ильясов, Т.Әбенов, Т.Құлымбетов, А.Шынтаев, М.Жапаров, А. Иманов (темір жол өткелі тұсынан Алтынсарин көшесіне дейін) және Алтынсарин көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1803244,7 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынған едік. Өтінімге сәйкес, осы жылы кент бойынша бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілді. Мәселен, елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру бағдарламасына сәйкес, У. Мадиев көшесіне 55 дана, А.Молдағұлова 43 дана, А.Фейзулдаев көшесіне 18 дана, М.Жапаров көшесіне 22 дана, А.Пахырдинов көшесіне 42 дана, Ордакент көшесіне 16 дана, С.Молдалиев көшесіне 29 дана қолданыстағы дайын бағаналарға жарық диодты көше шамдарын орнату жұмыстарына 12700,7 мың теңгеге келісім шарт жасалып құрылыс жұмыстары толығымен орындалып пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, С.Ахметов көшесіне 24 дана көше жарығын орнатуға 20 699,8 мың теңгеге келісім шарт жасалып құрылыс жұмыстары толығымен орындалып пайдалануға берілсе, Қ.Қайнекеев көшесіне 18 дана, С.Абдреймов көшесіне 17 дана, Ү.Есенбеков көшесіне 12 дана қолданыстағы дайын бағаналарға жарық диодты көше шамдарын орнату жұмысына 3133,7 мың теңгеге келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары толығымен орындалып пайдалануға берілді. Ал, Жанакорған шипажайы аумағындағы Е.Байзақов көшесіне 27 дана, К.Бакирова көшесіне 9 дана көше жарығын орнату жұмыстарына бөлінген 5264,0 мың теңге толығымен игеріліп, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, кенттің ішіндегі М.Нарымбетов көшесіне көше жарығын орнатуға бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда мердігер аталған көшеге көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал, М.Әуезов, Б.Аралбаев және Н.Айдарбекұлы көшесінің көше жарығын орнату жұмысына жоба сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сатып алу жұмыстарының қорытындысына орай, мердігер анықталғаннан кейін дайын бағаналарға кранштейн арқылы жарық шамдары орнатылатын болады.
– Осы орайда, жаяу жүргіншілер жолы жайында да тоқтала кетсеңіз...
– Биыл, кенттегі Сығанақ көшесі мен А.Шонабаев көшесіне оқушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жаяу жүргіншілер жолы толығымен аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Жаңақорған кентінің аумағындағы «Сары төбе» зиратының айналасын қоршау жұмыстарына 9464,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
– Бүгінде ауданда халық саны артқаны белгілі. Оған сәйкес жұмысқа орналасушылардың да көбейетіні түсінікті. Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі қаншалықты оң шешімін табуда?
–Иә, халық саны жыл санап өсіп, ауданның көлемі де үлкейіп келеді. Бүгінде кенттің өзінде 6131 тұрғын үй бар. Тұрғындардың саны – 32580. Осы жылы кент бойынша тұрақты жұмысқа орналасқандар саны – 1115 азамат. Жұмыссыздардың есебі 5 пайыз. Мысалы, биыл кент бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына – 119, жастар практикасына – 158, қоғамдық жұмысқа – 521 азамат жұмысқа тартылды. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер саны биыл 2480-ге жетті.
– Ел болашағы – балалар. Олар­дың өсіп-жетілуіне мемлекет бар жағдайды жасауда. Әсіресе, баланың дұрыс жетілуі үшін спорттық және ойын алаңқайларының маңызы зор. Осы тұрғыда бізде қандай өзгерістер бар?
– Жалпы кент бойынша 20 ойын алаңы бар. Оның 17-і футбол алаңы болса, 3-уі кішкентай балаларға арналған ойын алаңы. Биыл Әлшекей Бектібайұлы көшесіне жергілікті бюджеттен 10 380,0 мың теңге қаржы бөлініп, балаларға арналған спорт алаңқай орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал, Ипподром мөлтек ауданында орналасқан А.Абуталипов және Ғ.Мұхамеджанов көшелері бойынан спорт алаңқайын орнатуға жоба сметалық құжаты әзірленіп, 2025 жылға жоспарлануда.
– Мемлекет қазынасын толық­тыратын бірден бір қаржы көзі – салық. Биыл салықтың түсімі көңіл қуанта ма?
– Әрине, көңіл қуантады. Жаңақорған кенті бойынша 2024 жылға кент әкімі аппаратымен салықтық түсімдер болжамы 343 768,0 мың теңгеге жоспарланған еді. Қазіргі таңға 10 айдың қорытындысымен 108% пайызы орындалып отыр. Оның ішінде салықтық түсімдері мөлшері бойынша мүлік, жер салығы - 5 755,2 мың теңге, заңды тұлғалардың көлік салығы - 2 029,6 мың теңге, жеке табыс салығы - 191 666,7 мың теңге, көлік салығы - 108 604,7 мың теңге, бірыңғай жер салығы - 1 809,7 мың теңге, жер учаскесін пайдаланғаны үшін түсетін түсім - 349,2 мың теңге, жер учаскесін сатудан түскен салық көлемі - 53 443,6 мың теңге, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар - 2 299,2 мың теңге, мүлікті жалға беруден түскен түсімдер - 2 358,0 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 561,7 мың теңгені құрап отыр. Он айдың қортындысымен барлығы 373 877,6 мың теңге түсім қалыптастырып, 30 109,0 мың теңгеге артық орындалды.
– Сұқбатыңызға рақмет.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
03 желтоқсан 2024 ж. 64 0