Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Көктем көркі – тазалық

Көктем көркі – тазалық

Кент орталығының санитарлық тазалығы әрқашан ауданға қарасты елді-мекендерге үлгі болуы керек. Аудан әкімдігі тарапынан кентті көркейту-көгалдандыруға, күтіп-баптауға және санитарлық тазалықты жүргізуге жыл сайын қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Кент әкімдігінің қызметкерлері де тазалық маусымдарында жаппай сенбіліктер ұйымдастырып, ортақ үйіміз болып саналатын кентті көркейту жолында іркіліссіз істерді атқаруда. Мұның бәрі ең алдымен, тұрғындар үшін. Өйткені тазалық - денсаулық кепілі.
Ауданымыздың келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекпен өлшенбеуі керек.Туған жеріміздің ажары оның тазалығына да байланысты. «Тазалық табалдырықтан басталады» демекші әр тұрғын өзі тұратын ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстаса ол мәдениет пен талғамның белгісі болмақ. Әр тұрғын өз ауласынан ғана емес, тұратын көшесінің бастап мән берсе, экологиялық таза ауданға айналамыз.
Төмендегі фотолар өткен аптаның сенбі күні Жаңақорған кенті, Тілеу Тотаев көшесінің тұрғыны әрі көше комитетінің төрағасы Асан Накишпанов ағамыздың парақшасында жарияланды. Осы көше тұрғындарының ұйымшылдығы бәріне үлгі болары анық.

20 наурыз 2024 ж. 355 0