№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күрежол сапасымен көрікТі

Күрежол сапасымен көрікТі



Қоғамдағы әлеуметтік мәселенің бірі автомобиль жолдарының жайы. Бұл тұрғыда біздің ауданның нәтижесі көңіл қуантады. Әрбір ауылға апарар аудандық және облыстық маңыздағы жолдар да жүйесін тауып, ретке келтірілген. Биылғы жоспар мен межені тағы бір пысықтап, атқарылар жұмыстың ауқымын анықтауды жөн көрдік. Өйткені, Мемлекет басшысы жол мәселесін қатаң бақылауға ұстауды тапсырды.
Жаңақорған ауданы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 451 шақырымды құрайды. Оның 101 шақырымы республика­ лық, 157,9 шақырымы облыстық және қалған 192,1 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар санатында. Сонымен қатар, 26 кент және ауылдық округтің 490 көшесі 590 шақырымды құрайды. Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 2022 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95,3 пайыздан 95,8 пайызға жетті, – дейді ау­ дандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Дәулет Оразалыұлы.
– Елді мекен көшелерінің жақсы және қана­ ғаттанарлық жағдайдағы үлесі 43,9 пайыздан 49,6 пайызға жоғарылады. 2023 жылға рес­ публикалық және облыстық бюджеттен елді мекен көшелерін жөндеуге 967 038,6 мың теңге қаралды. Оның ішінде, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша 7 елді мекеннің жалпы ұзындығы 20,4 шақырымды құрайтын 25 көшесін орташа жөндеуге 489 497,0 мың теңге бөлінді. Қыркеңсе мен Аққорғанда 2 көшеден, М.Нәлібаев, Сүттіқұдық және Сунақата 1 көшеден Келінтөбе ауылының 6 көшесіне және Жаңақорған кентінде 12 көшеге қаржы дайын. Тек жұмыс сапалы атқарылуы тиіс. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жарияланып, 17 көшенің жеңімпазы анықталды, – деді бас маман.
Биыл кенттегі «Саяжай» аумағына көбірек көңіл бөлінгелі тұр. Көшеден бөлек, бұл аймақта 600 орындық мектеп құрылысы басталады. Жалпы алғанда «Саяжай» аумағы шағын мөлтек ауданға айналып, инфрақұрылымға басымдық берілуде. Демек алдағы уақытта инвестиция тартылып, шағын кәсіп көздері осы маңнан табылады деген сөз. Ол уақыттың еншісіндегі шаруа. Жаңақорған кентінің «Дәруіш 1», «Дәруіш 3», «Дәруіш 5», «Саяжай» ықшам ауданының көше қиылыстары, Сүттіқұдық ауылдық округінің Аманжолов көшесі, Келінтөбе ауылдық округінің Әль-Фараби көшесі, Қыркеңсе ауылдық округінің Тәшібай, Қапанов көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына конкурс жүргізілуде екен. – Облыстық бюджеттен 2 елді мекеннің 9,5 шақырым құрайтын 6 көшесін орташа жөндеуге 280 948,0 мың теңге қаралған. Оның ішінде, Жаңақорған кентінің М.Абдуллаев пен Тәуелсіздік көшесінің аралғындағы айналма жол және МАИ бекеті ықшам ауданының көше қиылыстары, Байкенже ауылдық округінің А.Мустиярұлы, А.Дүйсенұлы, А.Еламанов, Байдалиев-Жарыл­ ғапов қиылысы да бар. Қазіргі уақытта 5 көшенің мердігері анықталды. Жаңақорған кентінің Маи бекеті ықшам ауданының көше қиылыстарын жөндеу жұмыстары бойынша конкурс жүргізілуде, – деді жауапты сала маманы. Аудандық бюджеттен 6 елді мекеннің 7,5 шақырым құрайтын 7 көшесін орташа жөндеуге 189 547,0 мың теңге қаралған. Қандөз ауылына кіре беріс көше, Қожакент ауылының А.Құнанбаев көшесі, Талап бекетінің Ж.Сейдалиев көшесі, Жаңарық ауылының Ә.Тә­ жібаев, Өзгент ауылының Б.Төлегенов және К.Сейтмуратов, Қыркеңсе ауылының Д.Еркішев көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіле­ ді. Қазіргі уақытта 5 көшенің мердігері анықтал­ ды. Қандөз және Қыркеңсе ауылдық округі­ нің көшелері бойынша конкурстық жұмыстар жүргізілуде екенін білдік. Жалпы жауапты мекеме 2023 жылдың қо­ рытындысымен елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 49,6 пайыздан 55,9 пайызға жоғарылайтын жеткізді.

                                                                                                                                               Әлібек Жарықбаев
04 сәуір 2023 ж. 351 0