№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кент келбеті көркейіп, әлеуеті артып келеді

Кент келбеті көркейіп, әлеуеті артып келеді


Жаңақорған кентін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының локомативі деуге болады. Жыл өткен сайын аудан орталығының әкімшілік-аумақтық территориясы ұлғайып, халықтың талап-мүддесі ауқымдана түсті. Осыны ескерген аудан әкімі кент тұрғындарының өтініш-тілектеріне маңыз беріп, бірқатар мәселенің шешілуіне жағдай жасады. Біз халық қызметшісі ретінде істің сапасына мән беріп, соның игілігін жалпы ел болып көрсе деген ниетпен жұмыс жасаймыз. Әрине, ашықтық пен жариялық жүрген жерде жоспар сапалы орындалады, жұмыс жүйелі болады. Сондықтан 12 айда жүйелі жұмыс қаншалықты жүзеге асты, қандай шаруалар шешімін тапты. Осы бағыттағы тірлікті таразылау да маңызды іс деп білеміз.


Іс түйінін тарқатамын деген басшы ең бірінші салық базасын арттырып, кіріс көзін есептеуі тиіс. Аудан басшысы осы бағытта нақты талап қойды. Сондықтан алдымен салықтық түсімдерден бастайық.
Жаңақорған кенті бойынша кент әкімі аппаратымен салықтық түсімдердің 12 айлық болжамы – 82 млн 245,0 мың теңге. Желтоқсан айының 15-не дейін нақты түскені – 83 млн 757,9 мың теңге, орындалуы – 102 пайыз. Салықтық түсімдерді жоспарлы орындау мақсатында тиісті жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан аралығында көлік құралдары салығынан берешегі қалыптасқан жеке тұлғалардан өндіру мақсатында Мемлекеттік кірістер басқармасы, ау­дандық прокуратура, полиция бөлі­мі, жеке сот орындаушылары және кент әкімдігі мамандарымен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде берешегін төлемей жүр­ген салық төлеушіден 1824,0 мың теңге бюджетке өндірілді.
Сонымен қатар, көлік салығынан ірі көлемде берешегін өтемей жүрген жеке тұлғалардан өндіру мақсатында аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы, жеке сот орындаушыларымен бірлесе отырып, тұрғындар үйлерін аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде және есеп шоттары бұғатталуда.
Биылғы жылы тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақса­тында әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігін жақсартуға барынша екпін қойдық. Елді мекен көшелерін орташа жөндеуге, көшелердегі көше жарығын күтіп ұстауға, тазалық жұмыстарын жүргізуге, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына және кенттегі ойын алаңдарын ағымдағы жөндеуге 622900,0 мың. теңге бағыттадық.
Мәселен, 21 көшеге орташа жөндеу, 15 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі және 2 ойын алаңына ағымдағы жөндеу жүзеге асырылды. Кент бойынша 11 көшенің орташа жөндеу жұмысы, 5 көшеге тас төсеу бойынша жоба сметалық құжаттары дайын, ал Қорғантоғай, яғни кентке кіре беріс жолға арка орнату, 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу, 6 көшеге көше шамдарын орнату жұмыстары, 4 балалар ойын алаңқайын салу және орталық алаңдағы «Құрмет тақтасын» ағымдағы жөндеу жұмыстарының жоба сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған жоба сметалық құжаттар 2022 жылдың бюджеттік өтініміне ұсынылады.Төрт түліктің де саны артып келеді.
Құрылыс саласы бойынша, өткен жылы құрылысы басталған 600 және 300 орындық мектептің құрылысы жүруде. Әлшекей көшесіндегі ой­ын алаңының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталса, Алтынсарин көшесіндегі ойын алаңының жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындардың жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді. Қазіргі таңда 7589 тұрғын кезекте тұр. Соңғы 3 жылдың ішінде кент бойынша тұрғындарға 494 жер учаскесі табысталды. Жер кезектілігі мәселелерін шешу мақсатында ауданда 1 қоныстану аймағына егжей-тегжейлі жоспарлау жұмысына сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне аудандық бюджеттен 29,2 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Анықталған жеңімпаз (ЮгГеостандарт ЖШС) Саяжай 1 мөлтекауданы бойынша 213 гектар жерге егжей-тегжейлі жоспарлау жұмысын жүргізуде.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен өткен жылы басталған Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда аталған жұмыстардың 70 пайызы орындалды. Жоба құны – 494,3 млн теңге. Бұл қаржы республикалық бюджеттен.
Жаңақорған кенті 98 пайыз газбен қамтамасыз етілген. Биыл Жаңақорған кентінің Ызғар аумағында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды тас­тауға арналған полигонға тех­никалық экономикалық негіздеме әзірлеуге аудандық бюджеттен 8 000 000 теңге қаралды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда мердігер тарапынан техникалық экономикалық негіздеме толық дайындалып, кент әкімшілігі тарапынан мемлекеттік сараптамадан өткізу бағытындағы тиісті жұмыстар жасалуда .
Жыл басынан бері 751 жаңа жұмыс орны ашылып, бос орындар толығымен мамандармен қамтамасыз етілді. Кент аумағында ең өзекті мәселе ретінде интернет желісі тіркелді. Ол рас, қазір әлеуметтік желінің озып тұрған шағында, интернетсіз тірлік тындыру тиімсіз. Сондықтан мобильді интернет жылдамдығын көтеруге қатысты өңіраралық байланыс инс­пекциясына кент тұрғындары тара­пынан өтініштер түсірілді. Нәтижесінде, кент көлемінде жұмыс жасап жатқан мобильді байланыс операторларына инспекция тарапынан айыппұл салынып, тиісті жұмыстар жасауға нұсқама берілді. Қазіргі таңда «Билайн» телеоператоры Май бекеті және Ипподром мөлтекаудандарына мачталық-антенна құру жұмыстарын жүргізуде.
Бұл 2021 жылдың межесі, келер жылға жоспар көп. Ең бастысы, халықтың әлеуметтік ахуалына, тұр­мыс тіршілігіне басымдық беріп, кенттің келбетін көркейтіп, аймағын ажарландыруға жұмысты жалғастыра беретін боламыз.

Сардармұхамедуәлі САДЫҚОВ,
Жаңақорған кентінің әкімі


29 желтоқсан 2021 ж. 519 0