Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол сапасын жүрген біледі

Жол сапасын жүрген біледі


Кент орталығындағы кейбір көшелердің жай-күйі күн өткен сайын күрделеніп бара жатқанына ары-бері өткен жүргізуші біткен ренжулі. Әсіресе орталықтағы көшелердің асфальті жөндеу күтіп тұр. Елдің аузына көп іліккен айналма жолдың жыры, Абай мен Түршеков көшесіндегі ойдым-ойдым шұңқырлар әлеуметтік желіде де көтеріліп келеді. Біз бүгін осы тақырып төңірегінде тарқата жазуды жөн көріп, жауапты мамандарға жолықтық.


Жалпы кенттің келбеті көріктеніп, таза­лығы ретке келтірілді деп қуанулымыз. Бір қынжыларлы­ғы, бұған дейін салынған жол­дардың тозығы жетіп, жөндеуді қажет етіп тұрғаны айтпаса да көрініп тұр. Мұның зардабын қарапайым жүргізушілер тартып отыр. Көбіне такси қызметіндегілер осы мәселені жиі көтереді. Қазақта «жолдың жайын жүрген білер» деген тәмсіл бар. Күнделікті темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушілер бұл жағдайға әбден қанық.
– Рас, ауданда жолдың ахуалын жақсартуға жұмыс көп. Тіпті елді мекендерге барар жолдарды кеңейтуде заманауи талапқа сай іс-қимылды көріп те отырмыз. Айтқымыз келгені, кент орталығындағы көшелер жөндеу күтіп тұр. Үйлеріне су құбырын тартып алған тұрғындар да көптің мүддесіне көңіл бөліп, қопарылған тұсқа қол көмегін қосып жатса артық па? Мердігер мекеменің міндеті десек те, ортақ игілікке үлес қосу үлкен сауап іс қой, – дейді такси жүргізушілер.
Темір жол өткеліндегі көпір астындағы жол жағасын да қолынан күрегі түспей, ертелі-кеш ой-шұқырды бітеп жүрер ел ағасы Елеусіз атамыздың қызметі көз алдымызда тұр. Он бес, жиырма жыл осы әдетінен танбады. Қыс демей, жаз демей маңдай терін төгіп, ақысыз-пұлсыз еңбек етті. Әрбірімізде осындай жанашырлық болуы керек қой.
Біз алдымен көшелерге тікелей жауапты кент әкімдігіне бардық. Биылғы жоспарды жүйелеп, жасалынатын жұмыстарды түртіп алдық. Кент әкімінің орынбасары Жасұлан Бейсенбиевпен байланысып, мән-жайды білдік. 2023 жылы атқарылған жұмыстарды төмендегіше тарқатты.
Облыстық бюджеттен Хорасан ата көшесінің қиылыстарын МАИ бекеті мөлтек ауданы, Қ.Наурызбаев көшесі, М.Дәруіш-1,2,3,5 көшелерін, базар маңындағы көшені, Қ.Кайнекеев көшесін, С.Абдреимов көшесін, Саяжай ықшам ауданының көшеаралық қиылыстарын, Т.Білалов көшелерін орташа жөндеу жұмысына 202 млн 301,0 мың теңге қаржы қаралып, 164 млн 865,0 мың теңгеге келісім шартқа отырып, жұмыстар жүргізіліпті. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында, МАИ бекеті мөлтек ауданының 4 қиылыс көшелеріне және М.Абдуллаев және Тәуелсіздік көшесі аралығындағы айналма жолдың орташа жөндеу жұмыстарына 246 млн 027 мың теңге қаржы қаралып, 237 млн 803 мың теңгеге келісім-шартқа отырып, жұмыс жүргізілгенін айтты.
– Биылғы жоспарларыңыз қандай?
– 2024 жылы Жаңақорған кентіндегі 11 көшеге (К.Аширов, Т.Бердібаев, У.Дүйсенов, Шалқия жолына апаратын жол, Н.Ержанов көшесінің қиылысы, Шалқия жолы мен Қ.Тағаев көшесінің қиылысы, Е.Байзақов көшесіне дейін және Р.Мырзахметов, Жеңіс көшесінің қиылысы, Қорған көшесінің тұйығы, Қ.Жарқынбекұлы көшесі мен Қ.Алдаберген көшесінің қиылы­сы, И.Мұсаев көшелерін) ағымдағы жөндеу жұмыстарына 27 млн 521,0 мың теңге қаралды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде «Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша Жаңақорған кентіндегі А.Иманов (теміржол өткелі тұсынан Алтынсарин көшесіне дейін) және Ы.Алтынсарин көшелеріне күрделі жөндеу жұмысына 233 млн 239,0 мың теңге қаралуда.
Жаңақорған кентіндегі О.Ильясов көшесін күрделі жөндеу жұмысына 196 млн 374,0 мың теңге, М.Жапаров көшесін күрделі жөндеу жұ­мысына 102 млн 349,0 мың теңге қаралған. Со­нымен қатар Жаңақорған кенті МАИ бекетінде орналасқан Ә.Әшірбеков, Ш.Бәкірұлы, П.Өрғара­ев көшесіне, Саяжай мөлтек ауданындағы Т.Әбе­нов пен Т.Құлымбетов және Алтыкрант мөл­тек ауданындағы А.Шынтаев көшесіне күрделі жөндеу жұмысына жалпы жиыны 1 млрд 271 млн 281,0 мың теңге құрайтын бюджеттік өтінім ұсынылды, – дейді әкім орынбасары.
Міне, кент әкімдігінің әзірге межесі осындай. Ал, көптің «бас ауруына» айналған айнал­ма жолдың аумағындағы мәселелер жайымен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолаушы­лар бөліміне хабарластық. Қажетті жобаның мемлекеттік сатып алу порталына салынғаны туралы білдік. Демек, жақын уақыттарда бұл жолдың да жыры бітеді деп үміттенеміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
17 ақпан 2024 ж. 381 0