№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баланың тілін тапқан

Баланың тілін тапқан


Қазіргі қоғамда логопед, дефектолог, психолог сынды мамандар өте қажет. Өйткені тіл мүкістігі, дене қимылының нашар болуы салдарынан қаншама бала қатарынан кенжелеп қалуда. Бұл алдымен экологиялық мәселе деуге болады. Дегенмен бала бауыр етің болған соң қай ата-ана болсын перзентін дерттен сауықтыруға бар мүмкіндігін салады.

Сондықтан мұндай мамандардың қоғамда рөлі айрықша. Өзгент ауылындағы «Жадыра» бөбекжай-бақшасында еңбек ететін дефекто­лог әрі психолог, логопед Шат­тық Тастанбекқызын ерекше атауға болады.
Логопед – дарынды мұғалім мен тәжірибелі дәрігерді біріктіретін адам. Ол сөйлеу кемістігінің себебін дәл анықтап, мәселелерді шешу үшін тиімді жаттығулар мен әдістерді дұрыс құрастыруы керек. Бұл үшін кәсіби логопед адам физиологиясының қалай ұйымдастырылғанын, атап айтқанда, сөйлеу жүйесінің құрыл­ғыны және онымен байланысты патологияларды мұқият білуі керек. Сонымен қатар, жақсы маманға арнайы дағдылар болуы керек. Осындай қасиетті бойына дарытқан білікті маман Шаттық Тастанбекқызының еңбегі ерен.
Шыны керек, қазір балабақшада мықты мамандар аз емес, бірақ олар шалғай елді мекендерде көп көріне бермейді. Шаттыққа ауыл халқы дән риза.

Шынар ТҰРСЫНБАЕВА

03 желтоқсан 2024 ж. 60 0